|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесінде: 6-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, жеке куәлiктiң коды және штрих-коды көрсетіледi.»; 28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: «Азаматтарды тiркеу тұрақты тұрғылықты жерi бойынша, оның iшiнде тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, саяжай бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң тұрғын үй құрылыстарында, интернат-үйлерiнде, тұрғын үйге бейiмделген қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |