ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 ж. 28 маусымдағы № 506 бұйрығымен бекітілген "Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын 1. "Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) орталықтандырылған ауыз-сумен қамтамасыз ететін, су құбырының құрылысын жобалаумен және құрылысын жүргізуге, оны пайдаланумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған. 2. Осы санитарлық ереженің талаптарының орындалуын ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді. 3. Осы санитарлық ережеде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды: 1) ауыз сумен қамтамасыз ету - тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысатын, оның ішінде су көздерін және су қондырғыларын таңдау, қорғау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, құрылысын салу, су беру жүйесін пайдалану, суды алу, дайындау, сақтау, тұтынатын орындарға жіберумен шұғылданатын қызмет түрі; 2) орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі (бұдан әрі су құбыры) - суды алумен, дайындаумен айналысатын су қондырғылары, имараттар және су құбырлары немесе оларсыз-ақ ауыз суды жалпылай қолдануға арналған суды сақтауға, тұтыну орнына беруге арналған кешенді құрылым; 3) коли-фагтар - қоректендіруші агарда қосу 370С (қосу-алу 10С) температурада E. colі-ді ерітуге қабілетті және 18 сағаттан кейін (қосу-алу 2 сағат) еріту аумағын түзетін бактериалдық вирустар; 4) жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ЖКБ) дифференциалды лактозалық ортада өсіп, қосу 370С температурада лактозаны қышқылға, альдегидке және газға 24-28 сағат ішінде ферменттейтін, грамтеріс, оксидазатеріс, спора таяқшаларын түзбейтін бактериялар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|