Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейге - білімге негізделген экономикаға өзгеруде. Білімге негізделген салалардағы экономикалық өсу өткен жиырма жылда жалпы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде асып отырды. Алайда осы орайда ақпарат легінің артуы және оның одан әрі шектеусіз өсу перспективасы адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екенін көрсетеді. Әлемнің көптеген алдынғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі осындай сын-тегеуріндерге білім берудін құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгертумен үн қатты. Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, акпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады. Осы кезде қазақстандық білім берудің мазмұны фактологиялық түрде қалып отырды, ал құрылымы жалпыға танылған халықаралық ұсынымдарға сәйкес келмеді. Білім берудің дамуы нарықтық экономикалы ашық азаматтық қоғамның қажеттіктерінен артта қалып отырғаны барынша байқалды. Мемлекет басшысы 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке болашаққа ұмтылған білім беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы бүкіл халықтың талқылауынан өтті, оның барысында 3000-нан астам ұсыныстар мен ескертулер түсті. ЮНЕСКО-ның, Білім беруді бағалаудың Еуропалық қауымдастығы басқармасының, Дүниежүзілік банктік Еуропа және Орталық Азия өңірлік білім секторының, "Ашық қоғам" институты орта білім жөніндегі халықаралық басқармасының (Будапешт) сарапшылары, Ресейдің жетекші сарапшылары халықаралық сараптау жүргізді. Ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі назарға алынды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|