|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулының 7-қосымшасында: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда: 2) тармақшада: "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "радиотрансляциялық желілерді қорғау құрылғысы - 1 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "шредер - 1 бірлік шағын АТС - цифрлық - 1 бірлік"; 2) көрсетілген қаулының 8-қосымшасында: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда: 2) тармақшада "бағдарламалық қамтамасыз ету - 50 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "шағын АТС - ұқсас - 1 жиынтық". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |