|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 4, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды.»; 41-тармақтағы «басқа да өзгерістер болған» деген сөздер алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-қосымшаның мәтіні бойынша «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметтерін» деген сөздер «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім»; 15-тараудың 3-тармағындағы «г)»деген аббревиатура «8)»деген санмен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау ережесінде: 12-тармақтың екінші абзацы «үлгісі» деген сөзден кейін «немесе данасы» деген сөздермен толықтырылсын; 18-тармақтағы «16» деген сандар «17,»деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |