|
|
|
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 353-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесі реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "ноутбуктер 6 бiрлiк; принтерлер - 8 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулыға 354-қосымшада: 2-тармақта: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы;" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы;" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы;" деген сөздерден кейін "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы;" деген сөздермен толықтырылсын; "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигiн және iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесін жасауға және геостанциялық орбитаға қоюға арналған келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ету; "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" АҚ (бұдан әрi Қоғам) жарғылық капиталын 15770,2 (он бес миллион жетi жүз жетпiс мың екi жүз) теңге сомасында ұлғайту, оның iшiнде: - жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге, мемлекеттік сараптамаға ақы төлеуге, Қоғамға берiлетiн ғимаратты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигін, iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесiн құру жөніндегі жұмыстар кезеңiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету."; 3) көрсетiлген қаулыға 355-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |