|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымына: «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгі» деген 2-бөлiмде: 2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сәулет және қала құрылысы департаментi (басқармасы)»; «6. Тұрғын үй департаментi (басқармасы)»; мынадай мазмұндағы 1-1, 15-1 және 17-1-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы)»; «15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы)»; «17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)». 2. Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекітудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекiтілген штат санын лимиті шегiнде осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |