|
|
|
29.09.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 2-тармақтың 2)тармақшасының редакцияcы 2) "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ережеде: 2-тармақтағы "почта байланысы мен телекоммуникациялар жөнiндегi мемлекеттiк басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Лицензияларға Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы қол қояды"; 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi" деген сөздер Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "44. Лицензиаттардың лицензиялық шарттарды сақтауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады"; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген аталған Ережеге 3-қосымшада: 1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |