|
|
|
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.11.02 ж. N 1223 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже I. Жалпы ережелер. 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады. 2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 21.01.2002 N 72 қаулысымен. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. 5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оларға Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 21.01.2002 N 72 қаулысымен. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi. 7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi. ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 21.01.2002 N 72 қаулысымен. II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi 8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды; адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды; алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi. халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады. III. Комиссияның құқықтары 10. Комиссияның: iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына қосымша Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның Құрамы ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 21.01.2002 N 72 қаулысымен. Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Айдарханов Арман - Қазақстан Республикасының Денсаулық Тергеуұлы сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары Өтеулина Хафиза - Қазақстан Республикасының Еңбек және Мұхтарқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерi: Жұмағұлов Бақытжан - Қазақстан Республикасының Білім және Тұрсынұлы ғылым бірінші вице-министрі Сармұрзина Раушан - Қазақстан Республикасының Энергетика Ғайсақызы және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры Ержанов Аманияз - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Қасымұлы министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары Шығанбаев Ерғали - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әбдімомынұлы кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы Жұмабеков Болат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Ахашбекұлы министрлігінің Кеден комитеті Кедендік кірістер бас басқармасының бастығы Кесікбаев Сұлтанғали - Қазақстан Республикасының Қаржы Қабденұлы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі Оразбақов Ғалым - Қазақстан Республикасының Экономика және Ізбасарұлы сауда вице-министрі Зверьков Вадим - Қазақстан Республикасының Көлік және Павлович коммуникациялар вице-министрі Әбусейітов Қайрат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Қуатұлы вице-министрі Мұстафина Сабила - Қазақстан Республикасының Министрі Сапарқызы Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Хатшылығының меңгерушісі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |