|
|
|
Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 11 қарашадағы N 1199 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Мыналар: Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының есебiнен ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттiк несие берудiң шарттары мен тәртiбi (2-қосымша); Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражатын орналастыру туралы Ереже (3-қосымша) бекiтiлсiн. 1-тармақтың 2-абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934 қаулысымен. 2. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктермен бiрлесiп Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының екiншi траншын игерудi жеделдету ұсынылсын. 3. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934 қаулысымен. 4. "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 тамыздағы N 1258 қаулысының 1,3-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227 Қаулысына 1-қосымша 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227 Қаулысына 2-қосымша 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934 қаулысымен. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының есебiнен ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттiк несие берудiң шарттары мен тәртiбi 1. Жалпы ережелер 1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi (бұдан әрi - АДБ) Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) екiншi траншы ақшаларының есебiнен берiлетiн бюджеттiк несиелер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және өңдеу, машина-технологиялық станциялар үшiн ауыл шаруашылығы техникалары, көтерме азық-түлiк рыноктарының және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға арналған басқа да рыноктық инфрақұрылымдардың жүйелерiн құру жөнiндегi жабдықтарды сатып алуға несие беруге, сондай-ақ қажеттi айналым қаражатын қаржыландыруға арналған. Аталған мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi), "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктер (бұдан әрi - Банктер) арасында тиiстi несиелiк келiсiмдерге қол қойылады. Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.11. N 761 қаулысымен. 2. Банктер түпкi заем алушыға (бұдан әрi - Заемшы) жылдық 11 (он бiр) процентке дейiнгi мөлшерде сыйақы (мүдде) ставкасымен 5 (бес) жылға дейiн мерзiмде қамтамасыз ету үшiн ғана АҚШ долларында несиелер бередi. Бұл орайда жылдық 7 (жетi) процент - Қаржыминiнiң; жылдық 3,5 (үш бүтiн оннан бес) процентке дейiн - Банктердiң (лизингтiк компаниялардың қызметтерiн қоса, банктердiң өз қарауы бойынша); 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) процентке дейiн - Қордың сыйақысын (мүддесiн) құрайды. Қайтарымның мынадай тәртiбi белгiленедi: бiрiншi жылдан бастап несие үшiн сыйақылар (мүдделер) - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда; негiзгi борыш несиенiң мерзiмiне байланысты екi жылға дейiнгi жеңiлдiк кезеңiн қоса, тең жарты жылдық төлемдермен - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда. 3. Заемшы нақты несие сомасының 60 процентiне дейiн аталған жоба бойынша айналыс қаражатын толықтыру үшiн пайдалануы мүмкiн. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қордың арнаулы шотында АҚШ долларында сақтаулы тұрған, уақытша басы бос, жобаларға енгiзiлмеген ақшалар Ұлттық банк пен банктердегi депозиттерге, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылады 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге. 5. Жабдықтар мен берермендердiң фирмаларын iрiктеудi Банктер Заемшылармен бiрлесiп конкурстық негiзде жүзеге асырады. Қажет болса Банк пен Заемшы кеңес сұрап басқа ұйымдарға өтiнiш жасай алады, олардың қызметiне оған АДБ несиесiнiң есебiнен берiлген өз ақшасынан ақы төленедi. 6. Заемшылар алатын несиелер бизнес-жоспарларда тиiмдiлiк деректерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға несиелер берiлуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке 1998 жылға арналған сегiз нақты тапсырмасын iске асыруға тiкелей немесе жанама түрде көмектесетiндей болуы тиiс. 7. Несиелердi пайдаланудың салалық (iшкi салалық) бағыттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келiсе отырып Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлейдi және бекiтедi. II. Жобаларды қабылдаудың, қараудың және мақұлдаудың тәртiбi 8. Заемшы бюджеттiң алдында өзiнiң қарызы жоқ екенiн банкке құжатты түрде растауы тиiс. 9. Заемшылардың Банктерге тапсыратын құжаттарына деген талаптарды Банктер өздерi қабылдаған несиелiк саясатқа сәйкес белгiлейдi. 10. Банктер мақұлдаған жобалар Қорлардың қарауына енгiзiледi және олар бойынша шешiм 7 (жетi) күн iшiнде: заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің; заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының. 11. Несиенiң мақсатты пайдаланылуы және қайтымдылық шарттары сақталмаған жобаларды Қор Банкке тиянақтауға қайтарады. 12. Қордың Директорлар кеңесінің 10-тармаққа сәйкес оң шешiмiн алған жобалар бойынша Қаржыминi, Қор және Банк арасында несиенi беру жөнiндегi қажеттi құжаттар рәсiмделедi. III. Займның қаражатын мақсатты пайдалануды және өтеудi бақылау 13. Қаржыминi мен Қор АДБ Займдарының қаражаттарын дер уақытында және мақсатты пайдаланылуы жөнiнде Банктерге бақылау жасауды жүзеге асырады. IV. Қорытынды ережелер 14. Егер Банктер 1 (бiр) айдың iшiнде алдын ала ақы төлеу жүргiзсе, аккредитивтер ашылса, кепiлдiктер немесе вексель берiлсе, берермендермен есеп айырысудың басқа да нысандары келiсiм-шарттардың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылса, қаражат игерiлдi деп саналады. 15. Қатысушы банктердiң тiзбесiн Қордың Директорлар кеңесі Ұлттық Банкпен келiсе отырып бекiтедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227 Қаулысына 3-қосымша Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражаттарын орналастыру туралы ереже 1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң (бұдан әрi - АДБ) АҚШ долларындағы Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) уақытша басы бос қаражаттарын (бұдан әрi - Қаражаттар) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Қаржыминi) келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктердегi (бұдан әрi - Банктер) депозиттер мен мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырады. 2. Қаражаттарды орналастыру: Қаржыминi, Қор және Ұлттық Банк; Қаржыминi, Қор және Банктер арасында жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Орналастыру тәртiбi 3. Қаражаттарды Қор Қаржыминiнiң келiсiмi бойынша: жасалатын шартқа сәйкес - Ұлттық Банктегi депозиттерге; жылдық 9 (тоғыз) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен мемлекеттiк бағалы қағаздар кепiлдiгi бойынша - Банктердегi депозиттерге; жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен 1 (бiр) айлық мерзiмге - Банктердегi мерзiмдiк депозиттерге орналастырылады. Депозиттердiң бұл түрiне қаражаттар Банктердiң өтiнiштерi бойынша, депозиттiң қолданылуы көрсетiлген мерзiмi iшiнде АДБ Займы бойынша жобалардың портфелiн несиелендiру жолымен, олар игерiлетiн жағдайда орналастырылады. Бұл орайда, егер: көрсетiлген мерзiм бiткен кезде қаражаттар игерiлмесе, онда депозиттер 1 (бiр) жылдық мерзiмге айлық 12 (он екi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен алғашында орналастырылған деп есептеледi; ал қаражаттар көрсетiлген мерзiм бiткенге дейiн игерiлген болса, онда депозит бойынша сыйақының (мүдденiң) айлық ставкасын шығару жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi есеппен iс жүзiндегi күндердiң санына қарай жүргiзiледi. 4. Қор Қаржыминiнiң келiсiмi бойынша уақытша басы бос қаражаттарды орналастырудан түсетiн кiрiстердi жинақтау және кейiн оларды бюджетке аудару үшiн Ұлттық Банктен АҚШ долларында арнаулы шот ашады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |