|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есепке алудың 5 стандарты Табыс Мақсаты мен қолданылу өрiсi 1. Осы стандарттың мақсаты субъект қызметiнiң нәтижесiнде алынатын табыстарды есепке алу тәртiбiн айқындау болып табылады, стандарт табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемiн бағалауға мүмкiндiк бередi, қаржы есептемелерiнiң түсінiктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектiлерiн ашып көрсетудiң негiзгi сәттерiн айқындайды. 2. Стандарт тауар-материалдық қорларды (бұдан әрi - тауарлар) өткiзуден, қызметтер көрсетуден және субъектiге тиесiлi әрi процент, роялти мен дивидендтер әкелетiн активтердi пайдалануға беруден алынатын табыстарды есепке алу кезiнде қолданылады. 3. Субъектiлер бұл стандартты бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлардан басқа кездерде табыстарды есепке алу кезiнде қолданады. 4. Осы стандарттың қолданылу өрiсiне қаржы активтерi мен мiндеттемелерiн өткiзу құнындағы өзгерiстер немесе олардың шығып қалуы нәтижесiнде туындайтын табыстар енбейдi. Айқындамалар 5. Табыс - бұл есептi кезеңде активтердiң ұлғаюы немесе мiндеттемелердiң азаюы. 6. Субъектiнiң негiзгi және жанама қызметiнен алынған табыстар оның жиынтық табысын құрайды. 7. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оған дейiн тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн. Табысты бағалау және тану 8. Табыс алынған немесе алынуға тиiс өткiзу құны бойынша бағаланады. 9. Өткiзу құны субъектiнiң және активтi сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келiсiммен айқындалады. 10. Бiрдей мәмiлелер немесе субъект қызметiндегi бiрдей оқиғалар нәтижесiнде туындаған табыстар мен шығындар бiр мезгiлде танылады. 11. Табыс мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде: 1) табыс сомасы барынша дұрыс бағаланған жағдайда; 2) субъектiнiң мәмiлемен байланысты экономикалық пайдаларды алу ықтималдылығы болғанда танылады. 12. Ұқсас тауарлар мен қызметтердi айырбастау кезiнде мәмiле бойынша табыс танылмайды. Ұқсас емес тауарлар мен қызметтердi айырбастау кезiнде табыс алынған тауарлар мен қызметтердiң өткiзу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердiң өткiзу құны дұрыс бағаланбайтындай болса, табыс берiлген тауарлардың немесе көрсетiлген қызметтердiң өткiзу құны мөлшерiнде танылады. Тауарлар өткiзу 13. Тауарлар өткiзуден алынған табыс 11 параның шарттары және мына шарттар сақталған кезде: а) субъект сатып алушыға меншiк құқығын бергенде; б) мәмiле бойынша нақты жұмсалған немесе күтiлiп отырған шығындар барынша дұрыс бағаланғанда танылады. 14. Егер сатушы меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн сақтайтын болса, мәмiле өткiзiлiм болып табылмайды және табыс танылмайды. Қызметтер көрсетуден алынған табыс 15. Қызметтер көрсетуден алынған табыс 11 параның шарттарын және мына шарттарды орындаған жағдайларда: 1) есеп беру мерзiмiне қарай мәмiленiң аяқталу кезеңi барынша дұрыс айқындалатын; 2) мәмiле жасау кезiнде жұмсалған шығындар және мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығындар барынша дұрыс бағаланатын жағдайларда танылады. 16. Субъект мәмiлеге қатысушы басқа тұлғалармен: 1) талап ету күшi бар және тараптардың қызмет көрсетуiне және қызмет қабылдауына қатысты әрбiр тараптың құқықтары; 2) көзделiп отырған өтемақы; 3) ақы төлеу тәсiлдерi мен шарттары жөнiнде келiсiмге қол жеткеннен кейiн табысты барынша дұрыс бағалай алады. 17. Мәмiленiң аяқталу кезеңiн айқындау кезiнде мәмiленiң сипатына байланысты мына тәсiлдердiң бiрi пайдаланылады: 1) белгiлi бiр мерзiмге жұмсалған шығындардың мәмiле бойынша жалпы шығындарға проценттiк арақатынасы; 2) белгiлi бiр уақытқа дейiн орындалған қызметтердiң мәмiле бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң толық көлемiне проценттiк арақатынасы; 3) орындалатын жұмыстардың талдамасы. 18. Табыстар аралық төлемдердiң және сатып алушыдан алынған аванстардың негiзiнде танылмайды. 19. Қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiленiң нәтижесiн барынша дұрыс бағалау мүмкiн болмаған кезде табыс өтелетiн жұмсалған шығындар мөлшерiнде ғана танылады. 20. Мәмiленiң нәтижесiн барынша дұрыс бағалау мүмкiн болмаған және жұмсалған шығындардың өтелмейтiнi ықтимал болатын кезде табыс танылмайды. Проценттер, роялти, дивидендтер түрiндегi табыстар 21. Басқа субъектiлердiң активтердi пайдалануы мынадай табыстарды қамтамасыз етедi: 1) проценттер - субъектiге тиесiлi ақша қаражатын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы; 2) роялти - субъектiнiң ұзақ мерзiмдi активтерiн, мысалы, патенттердi, сауда таңбаларын, авторлық құқықтарды, компьютерлiк бағдарламаларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы; 3) дивидендтер - акционерлердiң жарғылық капиталға қатысу үлесiне қарай олардың арасында таза табысты бөлу. 22. Проценттер, роялти мен дивидендтер түрiндегi табыс 11-параның шарттарын сақтаған жағдайда және мынадай негiзде танылады: 1) процент активтен алынған нақты табысты ескеретiн уақытша арақатынастың негiзiнде танылуға тиiс; 2) роялти келiсiмнiң мазмұнына сәйкес есептеу әдiсi бойынша танылуға тиiс; 3) дивидендтер акционердiң оларды алуға құқығы анықталған кезде танылуға тиiс. Табысты танудың ашылымы 23. Қаржы есептемелерiн ұсыну кезiнде субъект түсiнiктеме жазбахатта мыналарды: 1) табысты тану үшiн қабылданған есеп жүргiзу саясатын: соның iшiнде қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiленiң аяқталу кезеңiн айқындау тәсiлдерiн; 2) есептi кезең үшiн танылған табыстардың әрбiр маңызды түрiнiң сомасын, соның iшiнде: тауарлар өткiзу; қызметтер көрсету; проценттер; роялти; дивидендтер нәтижесiнде туындайтын табыстарды, олардың iшiнде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесiнде туындайтын, табыстардың әрбiр маңызды түрiне енгiзiлген табыс сомасын ашып көрсетуге тиiс. Дебиторлық қарыз және оның ашылымы 24. Дебиторлық қарыз тауарлар өткiзу және қызметтер көрсету нәтижесiнде туындайтын алуға тиiстi шоттар мен вексельдер ретiнде айқындалады. Дебиторлық қарыз сондай-ақ жал төлемдерiн, проценттердi және есептi кезең үшiн есептелген алынатын басқа да сомаларды қамтиды. 25. Субъект 8, 10-параларға сәйкес күдiктi қарыздардың сомасын шығын ретiнде бағалайды және таниды. 26. Субъект күдiктi қарыздар бойынша резерв шегерiп тасталған дебиторлық қарызды және оны айқындау тәсiлдерiн ашып көрсетуге тиiс. Күшiне ену мерзiмi 27. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |