|
|
|
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 18.11.02 ж. N 1217 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Құрамы Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, төраға; Нұриманов - Қазақстан Республикасының Мақсұт Әнуәрбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша); Свечников - Қазақстан Республикасының Вячеслав Иванович Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк құқықтық бөлiмi құқықтық тәртiп және заңдылық секторының меңгерушiсi (келiсiм бойынша); Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының Рүстем Әнуарұлы Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары; Әйiмбетов - Қазақстан Республикасының Сейiтсұлтан Сүлейменұлы Әдiлет вице-министрi; Аймақов - Қазақстан Республикасының Бауыржан Жаңабекұлы Экономика және сауда вице-министрi; Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы Мәулен Амангелдiұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментi директорының мiндетiн атқарушы, хатшы; Смағұлов - Қазақстан Республикасы Болат Советұлы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары; Жұмамбаева - "Қазақстан Эксимбанкi" жабық Құралай Сейсембайқызы акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша); Мейрамбеков - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту Темiржан Қадырбекұлы қоры" жабық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша); Тұртаев - "Қазақстанның Даму Банкi" Алмат Керiмбайұлы жабық акционерлiк қоғамы президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм бойынша); Күзембаева - "Медетшi қор" жабық Маржан Бопайқызы акционерлік қоғамының президентi (келiсiм бойынша); Төлегенов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Нариман Майданұлы министрлiгi Салық төлеушiлермен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментiнiң директоры; Досмұқаметов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қанат Мұхаметкәрiмұлы Үйлестiру басқармасының бастығы (келiсiм бойынша); Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Арман Ғалиасқарұлы вице-министрi, төрағаның орынбасары; Мусина Лилия - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Сәкенқызы вице-министрі Биғалиев Ермекқали - Қазақстан Республикасы Парламентінің Аққалиұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша) Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Құрманұлы орынбасары (келісім бойынша) Веснин Виктор - Қазақстан Республикасы Парламентінің Николаевич Мәжілісі Қаржы экономикасы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (келісім бойынша) Власов Николай - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Афанасьевич вице-министрi Сейдуалиев Сәкен - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Спаханұлы Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнің мүшесi (келiсiм бойынша) Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.12. N 1548 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.07. N 28 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 197 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. N 682 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.21. N 1745 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.15. N 236 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.17. N 445 қаулысымен. ____________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. 2. Комиссия: республикалық бюджеттен берілген несиелер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес заемдардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін; республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады. 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің өкілдері (келісім бойынша) кіреді. 2. Комиссияның жұмыс тәртібі 4. Комиссияның органдары: 1) жұмысшы орган; 2) Комиссияның төрағасы; 3) төрағаның орынбасары; 4) хатшы; 5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді. 6. Комиссияның хатшысы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды. 7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі. 9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар. 10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі. 11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды. 12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі. 13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару); 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру; 3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді. Комиссияның қызметін тоқтатуы 15. Комиссияның қызметін тоқтатуына: 1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру; 3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады. 16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді. 17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады. Комиссияның есеп-хаты: 1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты; 2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды. ________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысы. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144 өкімі. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 271 өкімі. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 123 қаулысы. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 64 өкімі. 6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1056 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |