|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 03.07.00 ж. N 1010; 19.03.01 ж. N 357; 03.04.02 ж. N 397; 01.07.02 ж. N 712; 20.12.02 ж. N 1333 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 26.05.03 ж. N 489 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын. 2. Мыналар бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қоcымша). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 1-қосымша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. N 357 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, агенттіктер мен комитеттердің басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады. 3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 2. Негізгі міндеттері ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. N 1333 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері: бірыңғай мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу; елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау; мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау; жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады; 5. ЖҒТК-ның: Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге; Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар. ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды. 6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді. 7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі. 8. ЖҒТК-мүшесінің: өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға; ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар. 9. ЖҒТК мүшелері: ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға; ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті. ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. N 1333 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады. ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. ҚР Үкіметінің 03.07.00 ж. N 1010 ; 19.03.01 ж. N 357 ; 03.04.02 ж. N 397; 01.07.02 ж. N 712; 20.12.02 ж. N 1333 қаулыларымен 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның Құрамы Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Шәмша Көпбайқызы Бiлiм және ғылым министрi, төрағаның орынбасары Могильный - Қазақстан Республикасының Валерий Валентинович Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым департаментiнiң директоры, хатшы Зверьков - Қазақстан Республикасының Вадим Павлович Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Гүлжан Жанпейісқызы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Төлеген Әбдiсағиұлы Бiлiм және ғылым министрлiгi Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң ректоры Мұтанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм Ғалымқайыр Мұтанұлы және ғылым бiрiншi вице-министрi Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ғалым Ізбасарұлы Экономика және сауда вице-министрi Рақымбеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет Боран Ғизатұлы бiрiншi вице-министрi Шнейдмюллер - Қазақстан Республикасының Көлiк Владимир Викторович және коммуникациялар бірінші вице-министрi Досқалиев - Қазақстан Республикасының Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар министрi Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Нұралы Сұлтанұлы Бiлiм және ғылым вице-министрi Рябченко - Қазақстан Республикасының Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Қаржы бiрiншi вице-министрi Ерғожин - Қазақстан Республикасының Едiл Ерғожаұлы Бiлiм және ғылым министрлiгi А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры Әбділдин - Қазақстан Республикасы Жабайхан Мүбәрәкұлы Парламентінің сенаторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) Абдуллин - Ғылым және білім қайраткері Айтмұхамед Абдоллаұлы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) Әдекенов - Қазақстан Республикасының Бiлiм Серғазы Мыңжасарұлы және ғылым министрлiгi Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығының бас директоры; Әлиев - А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия Мұхтар Әлиұлы ғылыми орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Пернехан Әшімбайұлы министрлігі Әскери-ғылыми орталығының бастығы Жеңсікбаев - Теориялық және қолданбалы Александр Әліпханұлы математика институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының Білім Мырзатай және ғылым министрлігі Жолдасбекұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк- мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Қалиев - Қазақстан Республикасы Ғани Әлімұлы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк Алмас Олжабайұлы және коммуникациялар министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Құсайынов - Қазақстан Республикасы Білім Аманкелді Құсайынұлы және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің төрағасы Мұқашев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Болат Нығметұлы академиясының вице-президентi Пивень - Қазақстан Республикасы Білім Геннадий Георгиевич және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Сатыбалдин - Ұлттық академиялық аграрлық Әзімхан Әбілқайырұлы зерттеулер орталығының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Шарманов - "Тағамтану институты" жабық Төрекелді Шарманұлы акционерлік қоғамының директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Шоқпытов - Қазақстан Республикасының Андар Мәулешұлы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Дәукеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Серiкбек Жүсiпбекұлы ғылым академиясының президентi Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi Рақымжанов - Қазақстан Республикасының Әмiрхан Мұратбекұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Әкеев - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" Альберт Айтқожаұлы ашық акционерлiк қоғамының бас директоры (келiсiм бойынша) Берiкболов - "Волковгеология" ашық акционерлiк Бақытжан Рахметұлы қоғамының бас директоры (келiсiм бойынша); Жабағиев - Қазақстан Республикасы Премьер- Қожахан Көкiрекбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi; Жәрменов - Қазақстан Республикасының Индустрия Әбдiрасыл Алдашұлы және сауда министрлiгi Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының бас директоры; Iзмұхамбетов - "Қазақтүрiкмұнай" жауапкершiлiгi Бақтықожа Салахатдинұлы шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры (келiсiм бойынша); Исаев - Қазақстан Республикасының Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi; Қадыржанов - "Энергия" Қазақстан отын-энергиялық Алтай Камалұлы жүйелерi ғылыми-зерттеу және жобалау iздестiру институты" жабық акционерлiк қоғамының президентi (келiсiм бойынша); Құсайынов - Қазақстан Республикасының Индустрия Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда вице-министрi; Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi вице- министрi; Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi; Святoв - "Қазхром" трансұлттық компаниясы" Болат Аманжолұлы ашық акционерлiк қоғамының бас директоры (келiсiм бойынша); Сейсембаев - Қазақстан Республикасының Манас Ахметжарұлы Денсаулық сақтау министрлiгi Н.А.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры; Тоқсейiтов - Қазақстан Республикасының Қаржы Рақымберген Құрманғалиұлы вице-министрi; Тұржанов - Алматы қаласының әкiмдiгi Шағын Серiк Әбдiғалиұлы бизнес департаментiнiң директоры;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |