|
|
|
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 ақпан N 314 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Заң жобалау қызметiн институционалдық нығайтуды жүзеге асырудың тиiмдiлiгін арттыру және жалпы ұлттық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң жобасы және сараптамалық жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесi жарғылық капиталда мемлекеттiң 100-проценттік қатысуымен "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заң шығару институты) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Заң шығару институтының негізгі мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен орталық атқарушы органдарының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласында зерттеу жүргізу болып белгіленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөнiндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртiппен: 1) Заң шығару институтының жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) Заң шығару институты акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн: аталған қаулыға 3-қосымшада: "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |