|
|
|
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысы (ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. N 214; 22.07.03 ж. N 724 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 24 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521 қаулысына сәйкес, сондай-ақ көлік-коммуникация кешеніндегі мемлекеттік басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. N 724 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қараша N 1665 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет), арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған саладағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құзыретi шегiндегi ведомство болып табылады. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкiлерi болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекет атынан тарап ретiнде мүдде бiлдiруге құқығы болады. 4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi түрде орындалуға күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже комитеттiң құрылтайшылық құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау нысанасында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заң кесiмдерiмен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджетке жiберiледi. 2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының байланысын және ақпараттандыруды дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгі бағыттары мен басымдықтарын iске асыруға және ұсыныстар әзiрлеуге қатысу, оның сапасы мен қол жеткiзiмдiлiгiн және жұмыс iстеудегі орнықтылығын арттыру; 2) өз құзыретiнiң шегiнде байланыс және ақпараттандыру саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу; 3) байланыс және ақпараттандыру саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн заңи және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; 4) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға және оны iске асыруды қамтамасыз етуге қатысу; 5) радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету; 6) байланыс және ақпараттандыру саласындағы қызметтi мемлекеттiк қадағалау және бақылау; 7) байланыс және ақпараттандырудың қызметтер көрсету рыногының жұмыс iстеуi үшін жағдай жасау; 11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) басымдығы заңды және жеке тұлғалардың байланыс және ақпараттандыру қызметтерiне қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын Қазақстанда байланыс және ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады; 2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi және қабылдайды; 3) байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде ғылыми-техникалық, тарифтiк және инвестициялық саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысады; 4) байланыс және ақпараттандыру саласында шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруға қатысады; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялайды; 6) оның құзыретiнiң шегінде лицензиялау саласындағы заңнамалардың, лицензиялық ережелер мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 7) байланыс және ақпараттандыру мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етедi; 8) Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк жөніндегі мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының қарауына енгiзілетiн материалдар бойынша техникалық қорытынды әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 9) мемлекеттiк органдармен бiрлесiп телерадио хабар тарату жүйесiн дамыту жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 10) телекоммуникациялар және ақпараттандыру инфрақұрылымдарының желiлерi мен объектiлерiнiң құрылысын салуды және жобалау құжаттамасын мемлекеттiк сараптау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады; 11) байланыс және ақпараттандыру құралдарын пайдалануға берудi қабылдау жөнiндегi iс-шараларға қатысады; 12) байланыс операторларының, ведомстволық және өзге де телекоммуникациялық желiлер иелерiнiң өзара iс-қимыл жасауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 13) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiн құрайтын қалааралық және халықаралық телекоммуникациялар желiлерінің трафигiн өткiзу тәртiбiн және өзара iс-қимыл жасайтын телекоммуникациялар желілерiнің операторларының арасында өткiзiлетiн жүктеме үшiн өзара есеп айырысу қағидаттарын анықтайды; 14) Қазақстан Республикасының желілерiн нөмiрлеу ресурстарын бөлу тәртiбiн анықтайды. Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментін мекен-жай кеңiстiгiн бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 15) мемлекеттiк почта төлемдері белгiлерiнiң үлгiлерiн, номиналдарын, таралымын және қолданылу мерзiмiн (таңбаланған почталық маркалар, блоктар, конверттер мен карточкалардың) анықтайды; 16) байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстар иелерiнен (меншiк иелерiнен) ведомстволық статистикалық есептердi жинауды жүзеге асырады, олардың негiзiнде байланыс және ақпараттандыру қызметтерi рыногының жай-күйiн талдайды; 17) құралдар мен байланыс жүйелерiн және ақпараттандыруды стандарттау және сертификаттау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасайды; 18) байланыс және ақпараттандыру саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 19) жүктелген өкiлеттiк шегiнде байланыс және ақпараттандыру саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi; 20) радиожиiлiк спектрін пайдалануды, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды олардың белгiленген талаптарға сәйкес пайдалануын бақылау мақсатында тексеру жүргiзедi; 21) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғыларды айыру белгiлерiн және жиілiктердi беру мен есепке алу жөнiндегі жұмыстарды жүргiзу, Қазақстан Республикасының аумағына радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды әкелу мен пайдалануға рұқсат беру; 22) заңды және жеке тұлғалардың радиоэлектрондық құралдарының электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-техникалық iс-шаралардың орындалуын, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеу және құралмен бағалау жүргізудi бақылау; 23) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жиiлiктi-аумақтық тарату нормаларын бекiту; 24) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылармен жасалынатын радио қабылдау және радио тарату кедергiлерi туралы шағымдарды қарау. 12. Негiзгi мiндеттердi іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет: 1) белгіленген тәртiппен байланыс және ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынуға; 2) өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi түрде орындалуы тиiс байланыс және ақпараттандыру саласындағы қызметтi реттеу мәселелерi жөнінде нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға; 3) байланыс және ақпараттандыру саласында қызмет жүргiзу лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға, сондай-ақ лицензияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлікке тартуға; 4) желілер, байланыс және ақпараттандыру құралдарының жұмысын тексеруге және кедергiсiз кiруге (әскери, құқық қорғау сондай-ақ басқа да әскерилендiрген құралымдарды қоспағанда); 5) барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндетті байланыс желiлерi мен ақпараттық желiлердiң жұмыс тәртiбiн анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқамалар енгiзедi; 6) белгiленген құзыреттi шегiнде рұқсатсыз немесе берiлген жиiлiктен ауытқып жұмыс жасайтын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнен жұмысты дереу тоқтатуды талап етуге; 7) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат сұратуға; 8) оның құзыретiне кіретiн мәселелер бойынша әдiстемелiк материалдар мен ұсынымдар әзiрлеуге құқылы. 3. Комитеттің мүлкі 13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi дербес иелiктен алуға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. 17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi. 18. Осы мақсаттарда Төраға: 1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 3) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және ынталандырады; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Комитеттiң мүдделерiн мемлекеттiк органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 7) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. N 724 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж. N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесi: реттiк нөмiрi 3-жолда: 2-бағандағы "көлiк, коммуникациялар" деген сөздер "көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "жолаушылар мен жүктердi темiржол, өзен, теңiз көлiгiмен тасымалдау; жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау;і қауiптi жүктердi әуе көлiгiнен басқа, барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; темiр жол жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу"; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 39-жолмен толықтырылсын: магистральдық, халықаралық байланыс желiлерiн жобалау, құрылысын салу, пайдалану; радиожиілік спектрiн пайдалану". ҚР Үкіметінің 22.07.03 ж. N 724 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметті лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану" тәртiбi туралы ережеде: 2 және 4-тармақтардағы "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын; 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің Көлiктiк бақылау деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген аталған Ережеге 3-қосымшада: 1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнің Көлiктiк бақылау" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат): тақырыбында және мәтiнiнде "көлiк, коммуникациялар" деген сөздер "көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде: мәтiнде "көлiк, коммуникациялар" деген сөздер "көлiк және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын: 10-тармақта: 1) тармақшадағы "көлiк-коммуникациялық" деген сөздер "көлiктiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы "коммуникациялар", "почта байланысы мен телекоммуникациялар объектiлерiнiң" және "байланыс құралдарын" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы "почта байланысы мен телекоммуникациялар, радиожиілік спектрiн пайдалану саласындағы қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын; 5) тармақша алынып тасталсын; 11-тармақта: 1) тармақшадағы "пен байланыс құралдарының" деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшадағы "көлiк-коммуникациялық" деген сөздер "көлiктiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы қызметтер көрсету, радиожиiлiк спектрiн пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы "елдiң көлiк-коммуникациялық кешенiндегi" деген сөздер "көлiктегi" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы "көлiк-коммуникациялық кешендегi" деген сөздер "көлiктегі" деген сөзбен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы "көлiк-коммуникациялық кешенде" деген сөздер "көлiктегi" деген сөзбен ауыстырылсын; 14) тармақша алынып тасталсын: 22), 23), 24), 25), 26), 27) және 28) тармақшалар алынып тасталсын; 12-тармақта: 3) тармақшадағы "почта байланысы мен телекоммуникациялар, радиожиiліктi спектрдi пайдалану саласындағы қызметтi" және "байланыс жабдықтарын" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы ", байланыс объектiлерiнің", ", радиожиiлiк спектрiн" деген сөздер алынып тасталсын; 8) тармақшадағы "және байланыс объектiлерiн пайдаланудың, радиожиілік спектрiн пайдаланудың" деген сөздер алынып тасталсын; 18), 19), 20) және 21) тармақшалар алынып тасталсын; 18-тармақта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;"; 2) тармақшадағы "облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша аумақтық органдардың басшыларын" деген сөздер алынып тасталсын; 19-тармақтағы "радиобақылаудың" деген сөз алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. N 214 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. 5. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 506-құжат): 1) 3-тармақтың екiншi абзацындағы "және автомобиль көлiгi" деген сөздер алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "және автомобиль көлiгi" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу". 6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат): 1) тақырыбындағы және 1-тармақтағы "және автомобиль көлiгi" деген сөздер алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi туралы ережеде: тақырыбындағы және мәтiндегi "және автомобиль көлігі" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы "және автокөлiк секторларында" деген сөздер "секторында" деген сөздермен ауыстырылсын: 10-тармақта: 1) тармақшада: "халық шаруашылығы мен халықтың тасымалдарға қажеттiлiгi негiзiнде республиканың аумағы бойынша автомобиль тасымалдарын қалыптастыру мен" деген сөздер алынып тасталсын: "автомобиль тасымалдары мен" деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшадағы "және автокөлiк салаларындағы" деген сөздер "саласында" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "жол және автокөлiк секторларында" деген сөздер "жол секторында" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы ",автомобиль көлiгiнiң" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта: 1) тармақшада: "автомобиль тасымалдарын" деген сөздер алынып тасталсын; "жол-көлiк кешенiнiң" деген сөздер "жол секторының" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы ",Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, автомобиль көлiгiн пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын; 3) тармақшадағы "мен автомобиль көлiгі" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы "және автокөлiк секторларын" деген сөздер "секторын" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы "және автокөлiк шаруашылықтары" деген сөздер "шаруашылығы" деген сөзбен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы "автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру және жетілдiру" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақшадағы "көлiк құралдарының үздiксiз де қауiпсiз жүруi" деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақшадағы ",автомобиль тасымалдарын" деген сөздер алынып тасталсын; 10) тармақшадағы "және автокөлiк секторларын" деген сөздер "секторын" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта: 1) тармақшадағы ", жолаушылар мен жүктердi автомобильмен тасымалдауды жетiлдiру" деген сөздер алынып тасталсын; 3) тармақшадағы "және автокөлiк секторлары" деген сөздер "секторы" деген сөзбен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы "және автокөлiк салаларының" деген сөздер "саласының" деген сөздермен ауыстырылсын. 7. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521 қаулысына: мынадай мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын: "1-1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы функцияларын, сондай-ақ қоса берiлiп отырған тізбеге сәйкес штат санын жаңадан құрылған Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру жолымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелер құрылсын.". Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелердің тізбесі NN Атауы Орналасқан жері 1. Астана қаласы мен Ақмола Астана қаласы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi басқарма 2. Алматы қаласы мен Алматы Алматы қаласы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру жөнiндегі басқарма 3. Байланыс және ақпараттандыру Ақтөбе қаласы жөнiндегi Ақтөбе облыстық басқармасы 4. Байланыс және Атырау қаласы ақпараттандыру жөнiндегi Атырау облыстық басқармасы 5. Байланыс және Өскемен қаласы ақпараттандыру жөнiндегi Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы 6. Байланыс және Жамбыл қаласы ақпараттандыру жөнiндегi Жамбыл облыстық басқармасы 7. Байланыс және Орал қаласы ақпараттандыру жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық басқармасы 8. Байланыс және Қарағанды қаласы ақпараттандыру жөнiндегі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |