|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 402 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн."; 2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі: реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |