|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 494 қаулысы Осы редакция 2003 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті атқару құжаттарын орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне тапсырыла отырып, таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 1-тармақтың екінші абзацындағы "Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті," деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын; 12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) сот-сараптамасы қызметінің жұмысын ұйымдастыру саласында: мемлекеттік сот сарапшылары кадрларын іріктеу және орналастыру; сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету; сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және заңнамада белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру; сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;"; 2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.". 4. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 297-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |