|
|
|
Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 маусым N 788 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 наурыздағы N 236 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысымен бекітілген Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесі __________________________________________________________________________ N ! Көзі !Шығарушы және ! Тауардың атауы ! СЭҚ ТН коды ! !шығарған елі ! ! __________________________________________________________________________ 1. Platt's Global McGraw Hill, Inc., Мұнай және 2709-2710 Alert Ұлыбритания мұнай өнімдері Табиғи газ 271111-271121 2. Energy 2000, "Reuters" Мұнай және 2709-2710 Commodities ақпараттық мұнай өнімдері 2000 агенттігі, Табиғи газ 271111-271121 Ұлыбритания Кендер 2601, 2610 Органикалық емес химия өнімдері 2818 Түсті металдар 7401-7419,7501- 7508,7601-7616, 7801-7806,7901- 7907,8001-8007, 8103 Қара металдар прокаты 7201, 7203-7229 Ферроқорытпалар 7202 Дәнді дақылдар 1001-1008 Мақта 5201-5204 3. "Metal "Metal Bulletin" Кендер 2601,2610 Bulletin" Journals Ltd.", Органикалық 2818,2844 журналы Ұлыбритания емес химия өнімдері Түсті металдар 7401-7419,7501- 7508,7601-7616, 7801-7806,7901- 7907,8001-8007, 8103 Ферроқорытпалар 7202 Қара металдар прокаты 7201,7203-7229 4. "The Тех "The Тех Reports Кендер 2601, 2610 Reports" Co.,Ltd.", журналы Жапония Түсті металдар 7401-7419,7501- 7508,7601-7616, 7801-7806,7901- 7907,8001-8007, 8103 Ферроқорытпалар 7202 Қара металдар прокаты 7201, 7203-7229 5. "SteelWEEK" "CRU Publishing журналы Ltd.", Қара металдар Ұлыбритания прокаты 7201, 7203-7229 6. "Бағалар "Баға - Дәнді дақылдар 1001-1008 дайджесті", ақпарат", ЖШҚ журналы Ресей "Бағалар дайджесті" журналына Мақта 5201-5204 қосымша "баға ақпараты" бюллетені 7. Ресей Феде. Ресей Дәнді дақылдар 1001-1008 рациясы Ауылшарөнім. минінің ақпа. раттық бюллетені ___________________________________________________________________________ ,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |