|
|
|
Инновациялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 3 шілдедегі N 333-ІІ Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асырудың негiз болатын принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi; 2) инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; 3) инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер; 4) инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi; 5) инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат; 6) инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы; 7) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiк шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылық пен мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) технологиялық инкубатор - инновациялық қызмет субъектiлерiне ғылыми, өндiрiстiк, кадр жөнiнде, заңдық, маркетингтiк, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн заңды тұлға; 9) инновациялық қор - инновациялық қызметтi дамытуға инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесетiн заңды тұлға. 2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралу заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты мен негізгi мiндеттерi 1. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларында бәсекелестiкке қабiлеттi, жоғары технологиялық өнiмдердiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) басымдығын қамтамасыз ететiн теңдестiрiлген өндiрiстiк инфрақұрылым болып табылады. 2. Мемлекеттiк инновациялық саясат: 1) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау және негiзiнен ғылым мен техника жетiстiктерiне сүйенiп әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау; 2) инновациялық қызметтi дамыту мен инновациялық қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру; 3) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; 4) экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндipicтi жаңғырту және құру; 5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектiлерiн тарту; 6) ғылымның, бiлiмнiң, өндiрiстiң және қаржы-кредит саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету; 7) инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделердi және интеллектуалдық меншiктi қорғау мiндеттерiн шешуге бағытталған. 4-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi 1. Мемлекеттiк инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн инновациялық қызметтiң басымдығын тануды негiзге ала отырып қалыптастырылады және iске асырылады. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының дамудың инновациялық жолына ұстанған стратегиялық бағдары; 2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттiк қолдау; 3) инновациялық қызмет үшiн бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлау; 4) қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, инновациялық қажеттiлiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты алу және тарату еркiндiгi мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi болып табылады. 5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда: 1) инновациялық даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу; 2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау; 3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; 4) мемлекеттiк бюджеттен мақсатты қаржыландыру; 5) бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстердi құруға мемлекеттiң қатысуы; 6) мемлекеттiк тапсырыс бойынша құрылған, инновацияларды өткiзудiң кепiлдi рыноктарын қамтамасыз ету; 7) отандық инновацияларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады. 6-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi: 1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу; 2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету; 3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру; 4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру; 5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу; 6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану; 7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту; 8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату; 9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады. 7-бап. Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері Мыналар: 1) инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар; 2) негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары); 3) инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар; 4) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады. 2. Мыналар: 1) инновациялық жобалар мен бағдарламалар; 2) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 3) технологиялар, жабдықтар мен процестер; 4) өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы; 5) өндiрiстiк, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процестiң сапасы мен тиiмділігiн едәуiр жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешiмдер инновациялық қызмет объектілерi болып табылады. 3. Инновациялық қызмет субъектілерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновацияларды тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады. 8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру жөнiнде құзыретi 1. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) мемлекеттiк инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады; 2) мемлекеттiк инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi; 3) салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды және мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады; 5) инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функциялары мен өкiлеттiгiн айқындайды; 6) инновациялық жобаларды бюджеттен кредиттеу тәртiбi мен шартын, сондай-ақ инновациялық қызмет субъектiлерiне субсидиялар, мемлекеттiк нақтылы гранттар беру тәртiбi мен жағдайын айқындайды; 7) үлгілiк құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзудің тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесiн бекiтедi; 8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инновациялық қызмет саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган: 1) елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi; 2) мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметтi дамыту жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) салааралық инновациялық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекітуіне ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инновациялық қызметтi қаржыландыру мен ынталандыру, инновациялар жасауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi; 5) үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесiн әзiрлейдi; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялық қызмет саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 3. Өзге орталық атқарушы органдар: 1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) салалық инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялық қызмет саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4. Жергiлiктi атқарушы органдар: 1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде аймақтық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеп, iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi; 2) инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялық қызмет саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 9-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру 1. Мемлекеттiк инновациялық бағдарлама елдiң әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, тиiстi кезеңге арналған инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және: 1) елдiң экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды жасау кезеңiнде инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды; 2) инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын; 3) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық желiсiн ұйымдастыруды; 4) инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi көздеуге тиiс. 2. Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырылады және кадрлар даярлауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен әдiстерiн айқындайды. 3. Салалық инновациялық бағдарламалар мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық, өнеркәсiптiк, аграрлық және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарын негiзге ала отырып қалыптастырылады және экономика салаларының дамуын теңдестiруге, бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстер құруға бағытталуға тиiс. 4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобаларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады. 5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнің инновациялар жасауына конкурстық негiзде мемлекеттiк тапсырыс орналастыру көзделедi. 6. Инновациялық бағдарламаларды ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды iске асыруға қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы өзара байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады. 10-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру көздерi Инновациялық қызметтi қаржыландыру: 1) инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өз қаражаты; 2) республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты; 3) инновациялық қорлардың қаражаты; 4) мемлекеттiк нақтылы гранттар; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. 11-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттiк тапсырыс Инновацияларды жасауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру мемлекеттiк инновациялық саясаттың басымдықтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес бекiтiлген бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады. 12-бап. Инновациялық қызмет субъектілерiнің халықаралық ынтымақтастығы 1. Инновациялық қызмет субъектiлерiнің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Инновациялық қызмет субъектiлерi инновациялық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдарға өз бетiнше кiруге, халықаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға, шарттар және өзге де келiсiмдер жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |