|
|
|
"Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы N 923 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Отель Астана" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ) (келiсiм бойынша) және "Отель Астана" AAҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, келiсiмге (бұдан әрi - келiсiм) қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталатын қаражатты "Отель Астана" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде: 2005 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда негiзгi борыштың және сыйақының қайтарылуын; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi, бұл ретте 2004 жылды қоса алғанда есептелген сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруды; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен акциялардың жыл сайынғы қосымша эмиссиясын жүргiзу және оларды мемлекеттiк меншiкке беру жолымен "Отель Астана" AAҚ-тың жарғылық капиталын арттыруды; акциялардың мемлекеттiк пакетiн "Отель Астана" ААҚ-тың бас директорына сенiмгерлiк басқаруға берудi; "Отель Астана" ААҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiнен түсетiн таза кiрiстi тек қана келiсiмдi орындауға жiберудi; "Отель Астана" ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiл келiсiмiн ресiмдеудi; қарыз алушы - "Отель Астана" ААҚ-тың қаражаты есебiнен "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-қа агенттiк сыйақы төлеудi көздесiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |