|
|
|
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесiнің департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі N 969 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Дефолт фактiсiне жол бермеу, сондай-ақ Германия несие желiсi шеңберiнде мемлекеттiк кепiлдiкпен тартылған мемлекеттiк емес заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң (бұдан әрi - ҚР ӘМ ҚАЖК) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң құқықтық мұрагерi ретiнде Германия несие желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдар жөнiндегi ҚР ӘМ ҚАЖК мiндеттемелерiн ҚР ӘМ ҚАЖК түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Гранит" және "Еңбек-Алмаз" (бұдан әрi "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарына беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен ҚР ӘМ ҚАЖК мен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ), "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК арасында келiсiм жасасуын қамтамасыз етсiн, онда: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттi орындау және есептiлiк нысандарын (кезеңдiк және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржы рәсiмдерi ережесiне сәйкес сыйақы есептеле отырып, 2002 жылдан 2017 жыл кезеңiне 1995 жылғы 9 тамыздағы N 22-3/11 және 1996 жылғы 2 қазандағы N 0000016 мемлекеттiк кепiлдiктердiң орындалуына байланысты республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Еңбек-Гранит" РМК-ның, "Еңбек-Алмаз" РМК-ның қайтаруы; Республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелердi "Еңбек-Гранит" РМК-ның, "Еңбек-Алмаз" РМК-ның орындауын қамтамасыз eтуі мақсатында тиiстi кепіл келiсімнің ресімделуі; "Қазақстанның Даму Банкi" агенттiк сыйақысын "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК қаражаты есебiнен төлеу көзделсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |