|
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1270 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. N 330; 24.06.04 ж. N 604 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi. 2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуін қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. N 330; 24.06.04 ж. N 604 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына: "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген 5-бөлiмде: "Түзеу мекемелерi" деген жолдағы "11 682" деген сан "12 382" деген санмен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 98-99-жолдармен толықтырылсын: "98. ЖД-158/7 мекемесi 99. 3K-169/5 мекемесi". 5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |