|
|
|
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 қаңтардағы N 54 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 қазандағы N 1027 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі уәкiлетті орган болып бекiтiлсiн. 2. Қоса берiлiп отырған "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысымен бекiтiлген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |