|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 14 наурыздағы N 249 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Қазақ мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "9-3. "Қазақ мемлекеттiк медицина академиясы" қазыналық кәсіпорны Астана қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: "2. Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 28-жол мынадай редакцияда жазылсын: "28. Қазақ мемлекеттiк медицина академиясы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |