|
|
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы N 1085 Жарлығы Осы редакция 2004 ж. 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Жарлыққа түсініктемені қара "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мынадай құрылымы бекітiлсiн: 1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы соғыс кезiнде Қарулы Күштердiң бүкiл қызметiне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитетi арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы); 2) басқару органдары: стратегиялық - Қорғаныс министрлiгi (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитетi (ведомство); жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерi бас қолбасшыларының және Қарулы Күштер әскер тектерi қолбасшыларының басқармалары; жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар басқармалары; жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерiнiң әскер тектерi бастықтарының басқармалары; тактикалық - құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары; жергiлiктi - облыстардың қорғаныс iсi жөнiндегi департаменттерi (басқармалары және аудандар мен қалалардың бөлiмдерi); 3) Қарулы Күштер түрлерi: басқару органдары, өңiрлiк қолбасшылық, әскер тектерi, арнаулы әскерлер, тыл, әскери-оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiмдер құрамындағы Құрлық әскерлерi; басқару органдары, әскер тектерi, арнаулы әскерлер, тыл, әскери-оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiмдер құрамындағы Әуе қорғанысы күштерi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |