|
|
|
Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Денсаулық" pecпубликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы N 463 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тізбесiнде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-66-жол мынадай редакцияда жазылсын: "9-66. "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде: реттік нөмiрi 60-жол мынадай редакцияда жазылсын: "60. Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |