|
|
|
"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 18 тамыздағы N 821 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн: Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға; Тiлеубердi Мұхтар Бескенұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi; Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Смайылов Әлихан Асханұлы - "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |