|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 және 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ "орындау" деген сөзден кейiн ", елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақта: 1) тармақша "инновациялық" деген сөздiң алдынан "инвестициялық және" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ", инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнің мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;"; 19) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1) - 19-4)тармақшалармен толықтырылсын: "19-1) инновациялық қызметтi дамытуды және инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру; 19-2) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар инновацияларды және инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу; 19-3) инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру; 19-4) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;"; 10-тармақта: 1) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ", инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақшадағы: екiншi абзац "индустрия" деген сөзден кейiн "және инновация" деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзац "ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын" деген сөздерден кейiн ", инновациялық бағдарламаларды" деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзацтағы "және технологиялық" деген сөздер ", технологиялық және инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: "15-1) елдiң инновациялық дамуы саласында: елдiң инновациялық даму болжамдарын әзiрлейдi; инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновациялар мен инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерін құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияларды құруға мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөніндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзірлейді; үлгi құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық іріктеу және қаржыландыру ережелерiн әзiрлейдi;"; 11-тармақтың 1) тармақшасы "орындау" деген сөзден кейiн ", елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына: 1-тармақтағы "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ"; реттiк нөмiрi 4-жолдағы: "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ"; "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "наурыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жолдағы: "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ"; "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "маусым" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 6-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ"; реттiк нөмiрлерi 7 және 8-жолдардағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ, ҚарМ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |