|
|
|
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысы (ҚР Үкіметінің 21.10.03 ж. N 1067; 17.03.04 ж. N 329 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 4 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі; 2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41 515-құжат) мыныдай өзгеріс енгізілсін: Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: Реттік нөмірі 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттігі" деген сөздер "Құрылыс істері жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметінің жұмыс тұрлерінің тізбесін, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметін мемлекеттік лицензиялау тәртібін және Қазақстан Республикасының кұрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметін мемлекеттік лицензиялау департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 шілдедегі N 777 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-кұжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынырақ қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарын енгізсін. 5. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары екі айлық мерзімде өздерінің бұрынырақ қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже өнеркәсіптік жарылыс әрі өрт қауіпі бар және тау-кен өндірістерін, магистралды мұнай-газ кұбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, түтіктер мен кұбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған злектр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергіш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерін, сондай-ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, түтіктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жөніндегі кұрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда, жобалау-іздестіру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, кұрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті лицензиялауды регламенттейді. Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді. 2. Осы Ереже ішкі рынок мүдделерін қорғау мақсатында сәулет, қала кұрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртібін белгілейді. 3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздестіру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, кұрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде қосалқы мердігерлікке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсіпкерлердің тиісті қызмет түрлеріне лицензиясы болуы тиіс. 4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтің бір немесе бірнеше түріне лицензия алуға құқығы бар. 5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негіздемесінде жөндеу-кұрылыс жұмыстарының, үйлерді, ғимараттарды қайта жанғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына ие болады. 2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау 6. Шетелдік заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздестіру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін оларға құрылыстың нақты объектісіне (кешеніне) біржолғы лицензия беріледі. Көрсетілген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектілері алатын соңдай жағдайларда және сондай тәртіппіен жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке түлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекіткен, халыкаралық шарттармен берілген тәртіппен жүргізіледі. 3. Лицензияларды беру төртібі мен шарттары 8. Өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігі және олардың лицензиялық ережені сақтауы сараптамалық бағалау негізінде айқындалады. 9. Лицензиялық алым мөлшері мен өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) оны төлеуінің тәртібі Қазақстан Республикасынын салық заңнамасымен белгіленеді. 10. Техникалық аудит пен сараптамалык бағалаудың жүргізілгені үшін төлем тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес белгіленеді. 11. Мыналарды: 1) биіктігі бір қабаттан аспайтын жеке тұрған үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серіктестіктері учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды; маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды; колданыстағы инженерлік тораптарды өзгерту талап етілмейтін үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегі көркейту объектілерін; сауда-саттық, коғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары үшін кұрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бір қабатты үйлерді (ғимараттарды); инженерлік тораптарға қосу талап етілмейтін ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлікке арналған гараждарды; шағын сәулеттік нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ ішкі орамдық өтпелерді, қапталжолдарды және үйлердің (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерін орналастаруды; алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттіктерді; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған жаппаларды, жобалау және салу үшін; 2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетін құрастырмалары мен инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін өзгерту талап етілмейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау); ішкі орамдық желілік инженерлік тораптар мен орналасу ережесін, тереңдікке орналасу белгісін, құбыр диаметрін өзгерту талап етілмейтін олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделі жөндеу; технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсіпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресімдеу талап етілмейтін бірлігін жөндеу және ауыстыру; өткізгіш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөніндегі жобалау жоне құрылыс-монтаж жұмыстары үшін; 3) кұрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзірлеу үшін лицензиялар алу талап етілмейді. 12. Осы Ереженің 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткізгіштік қабілеті) аз басқа объектілерді жобалауға және салуға (қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргізеді. Жұмыстардың осы түрін лицензиялау кезінде техникалық аудит жүргізу талап етілмейді. Көрсетілген құаттылығы (сыйымдылғы, өткізгіштік қабілеті) аз объектілерге мыналар жатады: 1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер; 2) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тігін ательелері; 3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық тамақтандыру объектілері; 4) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, радио аппаратурасын жөндеу жөніндегі шеберханалар; 5) өндірістік алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту орындары; 6) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кір жууға бұйымдар қабылдау пункттері мен механикаландырылған кір жуу орындары; 7) өндірістік алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлік тағамдарының жартылай дайын өнімдерін дайындау жөніндегі цехтар; 8) екі жуу желісінен аспайтын автомобиль жуу орындары; 9) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары; 10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәріханалар; 11) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар; 12) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелері; 13) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы жалға беру ательелері; 14) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлері; 15) ауысымына 50-ден аспайтын емделуші келетін амбулаториялар (емханалар); 16) инженерлік тораптарға қосу талап етілетін, бесеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстері бар жеке көлік гараждары; 17) автокөлікке (бір мезгілде екі бірліктен аспайтын) техникалық қызмет көрсету пункттері; 18) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет өнімдерін ұқсату жөніндегі цехтар. 13. Осы Ереженің 11 және 12-тармақтарының нормалары кұрылыс салу кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шаралар талап етілетін, сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектілерге қолданылмайды. 14. Өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) біліктілік талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау үшін ұсынылатын қажетті құжаттар мен материалдар тізбесін лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгілейді. 15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген мерзімде қабылданады. 16. Лицензиардың теріс шешім қабылдауы кезінде өтініш берушіге жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерінің сұратылған тізбесі бойынша лицензия беруден дәлелді бас тартуы жазбаша нысанда жолданады. 17. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртіппен олардын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауын қамтиды: Құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күні бойынша жыл сайын; 2) жобалау-іздестіру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бір реттен асырмай; 3) жеке тұлғалардың - бес жылда бір реттен асырмай растауын қамтиды. Лицензиар растауға арналған қажетті кұжаттар мен материалдар тізбесін, сондай-ақ лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерін жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) әртүрі және лицензиаттардың санаттары үшін белгілейді. 18. Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргізу кезеңінде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және кұрылыс қызметінің өздері орындап жүрген түрлерін жалғастыра беруге құқылы. 4. Біліктілік талаптары 19. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына, өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиістілігі мыналарды: 1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын; 2) жұмыс түрлеріне қарай: тиісті жабдықтар жиынтығына қоса тіркелген топырақ зерттеу зертханасымен; тіркелген химиялық зертханамен; іздестіру жұмыстарының тиісті түрлерін орындау үшін бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетіктерімен және кұрылғыларымен; бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажетті паркімен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшін өндірістік алаңдармен; жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның; 3) инженерлік іздестірулерді орындау жоне оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшін белгіленген тәртіппен тексерілген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың; 4) жұмыстарды орындаған кезде, қажетті ережелер мен нұскауларды, приборларды, тетіктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы жүйелерінің болуын қамтиды. 20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттық сай болуға тиістілігі мыналарды: 1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын; 2) жұмыс түрлеріне қарай: жобаның және оның бөлімдерінің сапасын бақылау жүйесімен; жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық және техникалык және әдіснамалық кұжаттамалар жиынтығымен; есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресімдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын; 3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларыда) Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды. 21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиістілігі мыналарды: 1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде жеті жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын; 2) жұмыс түрлеріне қарай: жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесімен; мемлекеттік нормативтер анықтамалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен; есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және рәсімдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын; 3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Pеспубликасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды. 22. Құрылыс материалдардың, бұйымдар мен құрастырмаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілк талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лизензиятттың сай болуға мыналарды: 1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын; 2) жұмыс түрлеріне қарай: материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтініш берілген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажетті қуаттармен; жабдықтардың, көтеру-көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің, жарақтардың, аспаптардың, кұрылғылардың қажетті жиынтығымен; шығарылатын өнім сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген зертханалармен; жұмыстардың өтініш берілген түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу приборларымен; еңбек қорғау және қауыпсіздік техникасы қызметтерімен; жұмыстардың осы түрі үшін белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен; жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық, техникалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 3) өтініш берілген өнім түрлерін шығару үшін қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын қамтиды. 23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына, өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиістілігі мыналарды: 1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын; 2) жұмыс түрлеріне қарай: қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдықтардың, көтеру-көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажетті жиынтығымен; жұмыстардың орындалатын түрлерінің сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және нормативтік-техникалық кесімдерге сәйкес зертханалармен; жұмыстардың өтініш берілген түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу приборларымен; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерімен; жұмыстардың осы түрі үшін белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен; жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, анықтамалық және әдіснамалық кұжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базанын болуын; 3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды. 24. Лицензиар осы Ереженің 19-23-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиісті заңды тұлғалардың қызметкерлерін жауапты орындаушылардың кұрамын сәулет, қала құрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік кесімдеріне және заңнамасына сәйкес айқындайды. 5. Лицензияның күшін тоқтата тұру және оны қайтарып алу 25. Лицензияның күшін тоқтата тұру үшін мыналар: 1) міндетті стандарттардың, нормативтік-техникалық талаптар мен шарттардың, кұрылыс нормалары мен ережелерінің, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |