|
|
|
Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери (ҚР Үкіметінің 08.12.03 ж. № 1242; 06.09.04 ж. № 936; 2005.30.06 № 662 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 563 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында, мекемелерi мен оқу орындарында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды есепке алу жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 564 қаулысы; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 мамырдағы № 558-28 қаулысы. 3. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 925 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрi - азаматтар) әскери есепке алу Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңдарына және осы Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесіне (бұдан әрi - Ереже) сәйкес ұйымдастырылады. Әскери есепке алу ұдайы жүзеге асырылады және әскери есепке алуға жататын азаматтардың барлық санаттарын қамтиды. Әскери есепке алуға қойылатын негiзгi талаптар шақырылушы және жұмылдырылатын адамдар ресурстарының сандық және сапалық жай-күйiн сипаттайтын толық және нақты деректер болып табылады. 2. Әскери есепке алудың мақсаттары мен мiндеттерi: 1) азаматтардың Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы", "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Заңдарымен белгіленген әскери мiндеттердi орындауын және осы Ереженi сақтауын қамтамасыз ету; 2) ел қорғанысын және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шақырылатын және жұмылдырылатын адамдар ресурстарын тиiмдi пайдалану мүддесiнде олардың сандық және сапалық құрамын анықтау; 3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлердi, әскери құралымдарды, мемлекеттік органдар мен арнайы құралымдарды бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшiру және оларды кейіннен жеке құраммен толық жасақтау жөніндегі iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн запаста тұрған азаматтар қатарынан қажеттi әскери мамандарды даярлау жөніндегі жоспарлы жұмысты жүргiзу. 3. Әскери есепке алуға әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар жатады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған азаматтар әскери мiндеттілер, ал шақыру учаскелерiне тiркелген азаматтар - шақырылушылар деп аталады. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде айқындалады. 4. Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлiнедi. Жалпы әскери есепте мемлекеттік органдарға, немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына броньдалмаған азаматтар тұрады. Арнайы әскери есепте органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына белгiленген тәртiппен броньдалған азаматтар тұрады. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi облыстық қорғаныс iстерi жөніндегі департаменттердiң, Астана, Алматы қалаларының қорғаныс iстерi жөніндегі департаменттерiнiң арнайы әскери есебiнде тұрады. 5. Азаматтарды әскери есепке алуды аудандардың, аудандарға бөлiнбейтiн қалалардың қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалары (бөлiмдерi) (бұдан әрi - қорғаныс iстерi жөніндегі басқарма (бөлiм) деп аталады) тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады. Қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалары (бөлiмдерi) жоқ елдi мекендерде азаматтарды алғашқы әскери есепке алуды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдері (бұдан әрi - әкiмдер) қамтамасыз етедi. Ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншiк нысанына қарамастан, азаматтарды әскери есепке алуды осы Ережеге сәйкес жүргiзедi. Аудандарда, қалаларда азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі жұмысқа жалпы басшылық жасауды, осы жұмыстың жай-күйiн бақылауды әкiмдер және ұйымдарда қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) жүзеге асырады. Ұйымдар қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) талап етуi бойынша жұмыс iстейтiн әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың сандық құрамын растайтын құжаттаманы ұсынады. 6. Ер азаматтарды алғашқы әскери есепке қоюды, олар 17 жасқа толатын жылы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейiн азаматтарды ауданда, аудандарға бөлiнбейтiн қалада құрылатын шақыру учаскесiне тiркеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Әйел азаматтарды алғашқы әскери есепке қоюды, олар әскери-есеп мамандығын алған және 18 жасқа толған соң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарды әскери есепке қоюды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) күнтiзбелiк жыл iшiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерде, әскери құралымдар мен органдарда солдаттармен және матростармен, сержанттармен және старшиналармен ауыстырылатын әскери лауазымдарда шақыру бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек білдiрген азаматтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын Қазақстан Республикасының аумағындағы қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларда (бөлiмдерде) әскери есепке тұрғызылуы мүмкін. 2. Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібі 7. Әскери есепке алуға жататын азаматтардың: 1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруы; 2) шақыру (шақыру қағазы) бойынша белгiленген уақытта және жерге тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерi бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) немесе әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға, өзiмен бірге әскери билетiн (әскери билет орнына берiлген уақытша куәлiгiн) немесе шақыру учаскесiне тiркелгендiгi туралы куәлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн алып келуi. Көлiк құралын басқару құқығына жүргiзу куәлiгi бар азамат оны өзiмен бірге алып келуi тиiс; 3) әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасына шығарылған кезде тұрғылықты жерiне келгенде жетi күн мерзiм iшiнде қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) әскери есепке тұруы; 4) отбасы жағдайының, білімiнiң, жұмыс орнының немесе лауазымының, аудан, қала шегiнде тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы жетi күн мерзiмiнде қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) немесе әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға хабарлауға; 5) жаңа тұрғылықты жерге немесе уақытша тұратын орнына (3 айдан аса мерзiмге) көшкен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан 6 айдан аса мерзiмге шыққан кезде әскери есептен шығуы және жаңа тұрғылықты жерге немесе уақытша тұратын орнына келгенде не Қазақстан Республикасына қайта оралғанда 7 күн мерзiмде әскери есепке тұруы; 6) әскери билеттi (әскери билет орнына берiлген уақытша куәлiктi), сондай-ақ шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктi сақтауы. Көрсетiлген құжаттарды жоғалтқан жағдайда тұрғылықты жерi бойынша жоғалған құжаттар орнына құжаттар алу туралы мәселенi шешу үшiн жетi күн мерзiмде қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) немесе әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға хабарласуы; 7) қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) талап етуi бойынша: әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау үшін жоспарлы медициналық куәландырудан өтуге; сипаттаушы құжаттарды (өмiрбаян, жұмыс немесе оқу орны берген мiнездеме, білімi туралы құжаттың көшiрмесi, балалардың тууы туралы, некеге тұруы туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, тұрғылықты жерiнен анықтамалар және т.б.) ұсынуы қажет. Әскери қызметке шақыруға жататын және шақыру жүргiзiлетiн кезеңде 3 айдан астам мерзiмге тұрғылықты жерiнен шығатын азаматтар бұл туралы қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жеке хабарлауы тиiс. 8. Жұмылдыру нұсқама құжатын немесе қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) шақыру қағазын алған азаматтар оларда мазмұндалған талаптарды орындауға міндетті. Жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында әскери есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерiнен немесе уақытша тұрған жерiнен шығуы азаматтардың шығу себебiн және жаңа тұрғылықты жерiн немесе тұратын жерiн көрсеткен жазбаша өтiнiшi бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі басқармасы (бөлiмi) бастығының рұқсатымен жүргiзiледi. 9. Қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалары (бөлiмдерi) жоқ елдi мекендерде әскери мiндеттiлердi әскери есепке тұрғызуды немесе әскери есептен шығаруды әкімдер қамтамасыз етедi, ал шақырылушылар мен запастағы офицерлер әскери есепке тұру немесе одан шығу үшiн әскери комиссариаттарға өздерi келедi. Шақырылушыларды әскери есептен шығару олардың жазбаша өтiнiшi бойынша шығу себептерiн және жаңа тұрғылықты жерiн немесе уақытша тұратын жерін көрсете отырып жүргiзiледi. Азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу немесе тiркеу есебiнен шығару кезiнде iшкi iстер органдары әскери есепте тұруға мiндеттi, бірақ тұрмаған азаматтарды анықтайды, олар туралы тиiстi қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) немесе әскери есептi жүзеге асыратын өзге органдарға хабарлайды және осы азаматтарды әскери есепке қойғаннан (әскери есептен шығарғаннан) кейiн оларды тiркеудi немесе тiркеу есебiнен шығаруды, жүргiзедi. 10. Әскери мiндеттiлердi алғашқы әскери есепке алуды әкiмдер алғашқы есеп карточкалары бойынша 1-қосымшаға сәйкес, ал шақырылушыларды тiзім бойынша 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырады. 11. Азаматтарды алғашқы әскери есепке алуды жүзеге асыруда негiзге алынатын құжаттар мыналар болып табылады: 1) әскери мiндеттілер үшiн - әскери билет (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiк); 2) шақырылушылар үшiн - шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiк. 12. Алғашқы әскери есепке алуды жүзеге асыру үшiн әкiмдер: 1) әскери мiндеттiлердi әскери есепке алуды (әскери есептен шығаруды) жүргiзеді және тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға (3 айдан астам мерзiмге) олардың аумағына (басқа ауданға, қалаға көшiп келетiн) келетiн шақырылушыларды есепке алады; 2) iшкi iстер органдарымен бірлесе отырып олардың аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және әскери есепке тұруға жататын азаматтарды анықтайды; 3) олардың аумағында тұратын барлық ұйымдардың есебiн жүргiзедi, олардың әскери-есеп жұмыстарына жүйелi бақылауды жүзеге асырады. Әскери мiндеттiлердi алғашқы есепке алу карточкасы мен есепте тұрған шақырылушылардың тiзiмiн мыналармен жылына кемiнде бір рет салыстырады: 2-қосымшаға сәйкес ұйымның N Т-2 нысанды жеке карточкаларымен; үй кiтаптарымен (тiркеу карточкаларымен), сондай-ақ аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың iс-жүзiнде бар болуын; шақыруға дейінгі жастарды шақыру учаскелерiне тiркегеннен кейiн және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке, келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақырудың алдында, сондай-ақ аудандық қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) нұсқауы бойынша басқа да мерзiмдерде аудандық қорғаныс iстерi жөніндегi басқармалардың бөлiмдердiң деректерiмен; 4) азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) шақыру туралы хабардар етедi және осы шақыру бойынша көрсетiлген пункттерге және мерзiмде уақытылы келуiне жәрдемдеседi; 5) алғашқы есепке алу карточкаларына және шақырушылардың тiзiмдерiне білімiне, жұмыс орнына, лауазымына, отбасы жағдайына және мекен-жайына қатысты өзгерістердi енгiзедi және барлық өзгерістер туралы ай сайын 25-күнi қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) хабарлайды; 6) жыл сайын азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) 1 қыркүйекке дейiн 4, 5-қосымшаға сәйкес 15-16 жастағы жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн, ал 1 желтоқсанға дейiн келесi жылы әскери есепке алғашқы тұрғызуға жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн ұсынады; 7) әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың, олар медициналық тексеру немесе куәландыру үшiн жiберiлген емдеу-алдын алу мекемелерiне баруын бақылауды жүзеге асырады; 8) азаматтарға әскери есепке алу жөніндегі мiндеттердi түсiндiруге және олардың осы Ереженiң белгіленген нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған әскери мiндеттiлерге хаттамалар жасайды және кiнәлілердi жауапқа тарту үшiн оларды аудандық азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) ұсынады. 13. Азаматтарды әскери есепке қою кезiнде: 1) әскери билеттердiң (әскери билеттердiң орнына берiлген уақытша куәлiктердiң) және шақыру учаскесiне тiркелуi туралы куәлiктердiң түпнұсқалылығы, азаматтардың бұрынғы тұрған орны бойынша әскери есептен шығуы және запастағы офицер мен шақырылушылардың жаңа тұратын орны бойынша азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаға (бөлiмге) әскери есепке тұруы туралы белгiнiң бар-жоғы тексерiледi. Әскери билеттерде (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiктерде) және шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiктерде айтылмаған түзетулер, дәлсiздiң және жасандылық, парақ саны толық еместiгi анықталған кезде әкiмдер ол туралы тиiстi шаралар қабылдау үшiн азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаға (бөлiмге) хабарлайды. Әкiмдерде әскери билеттi немесе шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктi қалдыру қажет болған жағдайда әскери мiндеттiлерге (шақырылушыларға) 7-қосымшаға сәйкес қолхаттар берiледi; 2) барлық әскери мiндеттiлерге алғашқы есеп карточкалары толтырылады, ал шақырылушыларға шақырылушылар тiзiмi жасалады және оларға әлiпбилiк карточкалар толтырылады. Прапорщиктерге, мичмандарға, сержанттарға, солдаттар мен матростарға, одан басқа, есеп карточкалары жүргiзiледi. Көрсетiлген құжаттарды толтыру шақырылушылардың әскери билеттеріндегі (әскери билеттер орнына берiлген уақытша куәлiктеріндегі) және шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктеріндегі жазбалармен дәл сәйкестiкте жүргiзiледi, бұл ретте білімi, жұмыс орны, лауазымы, тұратын жерi мен отбасы жағдайы туралы мәлiметтер, оларды жеке әңгiмелесуде анықтағаннан кейiн жазылады. Дұрыс емес жазбалар анықталған жағдайда азаматтар әскери есепке тұрғызу ресiмделгеннен кейiн әскери билеттерге (әскери билеттердiң орнына берiлетiн уақытша куәлiктерге) және шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктерге тиiстi өзгерістердi енгізу үшiн қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаға (бөлiмге) жiберiледi; 3) әкiмдерге келген, аудан, қала шегiнде тұрғылықты орнын ауыстырған, сондай-ақ әскери билеттердiң орнына берiлген уақытша куәлiктермен келген әскери мiндеттiлерге, олар азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) келгеннен кейiн әскери мiндеттiлердiң тегiн, аты-жөнiн, олардың тұрғылықты жерiн, жұмысын және лауазымын, олар бұрын әскери есепте тұрған есеп органдарының атауын көрсетумен атаулы тiзiмдер толтырылады және азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жiберiледi. Бұл әскери мiндеттiлерге әкiмдер есеп карточкаларын толтырмайды; 4) әскери билеттерде (әскери билеттердiң орнына берiлген уақытша куәлiктерде) және үй кiтаптарында әскери есепке тұру туралы белгi жасалады; 5) жұмылдыру нұсқамаларымен басқа аудандардан (қалалардан) келген әскери мiндеттiлер туралы қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) хабарланады. Жұмылдыру нұсқамаларын алу тек қорғаныс iстерi жөніндегі басқарманың (бөлiмнiң) нұсқауы бойынша жүргiзiледi, ол туралы әскери билеттерде белгi жасалады; 6) әскери мiндеттiлердiң тiзiмi мен есеп карточкалары, олардың жұмылдыру жолдамалары, есеп карточкасын толтырмай әскери есепке қабылданған әскери мiндеттiлердiң тiзiмi, шақырылушылардың тiзiмi мен әлiпбилiк карточкалары он күнде бір рет белгіленген тәртiппен қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жiберiледi; 7) есепке алынған әскери мiндеттiлердiң алғашқы есеп карточкалары алғашқы есеп карточкаларының картотекасына салынады. 14. Азаматтарды әскери есептен шығару кезiнде: 1) әскери билеттерде (әскери билеттердiң орнына берiлген уақытша куәлiктерде) және үй кiтабында әскери есептен шығару туралы белгi жасалады; 2) қорғаныс iстерi жөніндегі басқарма (бөлiм) бастығының шешiмi бойынша ауданнан, қаладан тысқары шығатын азаматтардың жұмылдыру нұсқамалары алынады, ол туралы әскери билетте белгi жасалады; 3) әскери есептен шығарылған азаматтардың тiзiмi жасалады, олар алынған жұмылдыру нұсқамасымен бірге он күнде бір рет қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) белгiленген тәртiппен жiберiледi; 4) әскери мiндеттiлердiң алғашқы есеп карточкаларында әскери есептен шығарған күнi мен себебi жазылады. 15. Есептен шықпай ауданнан, қаладан тысқары жаңа тұрғылықты орынға кететiн азаматтар туралы әкiмдер жетi күн мерзiмде қажеттi шаралар қабылдау үшiн қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) хабарлайды. 16. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында болудың шектi жасына жеткен әскери мiндеттiлердi әскери есептен шығару тек қорғаныс icтepi жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) өкімі бойынша әрбір жылдың қаңтары iшiнде жүргiзiледi. 17. Қайтыс болған әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есептен шығару азаматтық хал актілерін тiркеу органдарынан әскери билеттердi және шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктердi алғаннан кейiн жүргiзiледi. Әкiмдер қайтыс болғанын тiркеу кезiнде бұл құжаттар әскери есепке алуды жүргiзу жүктелген лауазымды тұлғаларға тiкелей жiберiледi. Бұл ретте, қайтыс болған азаматтың әскери есеп құжатында әкiмнiң қолымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылатын тиiстi жазба жазылады, одан кейiн әскери билет (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiк) немесе шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiк әскери комиссариатқа жiберiледi. Азаматтық хал актілерiн тiркеу органдарынан немесе туысқандарынан қайтыс болған адамның әскери билетiн (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiгiн) немесе шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiгiн алу мүмкiн еместiгi туралы қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаға (бөлiмге) хабарланады. Алғашқы есепке алу карточкаларында қайтыс болғаны туралы актілік жазбаның нөмiрiн көрсете отырып белгi жасалады, одан кейiн карточкалар есептен алынғандар мен шығарылғандардың картотекасына салынады. Осы карточкалар қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) кезектi салыстырғаннан кейiн белгiленген тәртiппен жойылады. 18. Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты орынға кeтeтiн азаматтарды әскери есептен шығаруды тек қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) жүргiзедi, бұл ретте әкiмдер қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) сұрау салуына орай қажеттi мәлiметтер жiбередi. 3. Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргiзу тәртібі 19. Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргiзу N Т-2 нысанды жеке карточка жүргiзiледi, оның 2-бөлiмi әскери есеп туралы мәлiметтерден тұрады (2-қосымша). Шақырылушыларға қосымша тiзiм (3-қосымша) жүргiзiледi. 20. Олардың негiзiнде жеке карточканың 2-бөлiмi толтырылатын әскери есептiң құжаттары мыналар болып табылады: әскери мiндеттiлер үшiн - әскери билет (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiк); шақырылушылар үшiн - шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiк. 21. Әскери есептi жүзеге асыру үшiн ұйымның басшылары, әскери-есеп жұмыстарына жауапты басқа да лауазымды тұлғалары (қызметкерлерi): 1) жұмысқа (оқуға) қабылдау кезiнде әскери мiндеттiлердiң әскери билетiн (әскери билеттiң орнына берiлген уақытша куәлiгiн), ал шақырылушылардың шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiгiн тексередi. Көрсетiлген құжаттарды қабылдау кезiнде азаматтарға қолхат (7-қосымша) берiледi; 2) жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте тұратындығын анықтайды. Әскери есепке тұрмаған әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар жұмысқа (оқуға) тек оларды тұрғылықты орны бойынша есеп органдарында әскери есепке қойғаннан кейiн қабылданады; 3) әскери есепке қоюға жататын азаматтарды тұрақты жерi бойынша жiбередi; 4) ұйымдарда жұмыс iстейтiндер (оқитындар) қатарынан азаматтардың толық және сапалы әскери есепке алынуын қамтамасыз етедi; 5) азаматтардың жеке карточкасындағы әскери есебi туралы мәлiметтердi жылына кемiнде бір рет қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) немесе әкiмдердiң әскери есепке алу құжаттарымен салыстырады; 6) әскери есепке алуды жүзеге асыратын қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) немесе әкiмдердiң сұрау салулары бойынша әскери есепке алу құжаттарына енгізу үшiн қажеттi әскери есепке тұратын азаматтар, әскери есепте тұрған азаматтар, сондай-ақ тұрмаған, бірақ әскери есепке тұруға мiндеттi азаматтар туралы мәлiметтердi жетi күн мерзiмде жолдайды; 7) запасқа шығатын, жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында ұйымдарға азаматтардың броньдалуын уақытылы ресiмдейдi; 8) жыл сайын тиiстi қорғаныс iстерi жөніндегi басқармаларға (бөлiмдерге) 1 қыркүйекте 15 және 16 жастағы жасөспiрiмдердiң тiзiмiн, 1 желтоқсанға дейiн - келесi жылы әскери есепке алғашқы тұруға жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмiн 4, 5-қосымшаларға сәйкес ұсынады; 9) азаматтарды қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) шақыру туралы хабардар етедi; 10) азаматтардың қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) шақыруы (шақыру қағазы) бойынша уақтылы келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi; 11) жетi күн мерзiмде қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге) жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан босатылған (оқу орындарынан шығарылған) барлық әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар туралы хабарлайды; 12) қорғаныс істерi жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) сұрау салулары бойынша ұйым қызметкерлерiнiң, соның iшiнде жұмылдыру кезеңiне және соғыс уақытына ұйымға броньдалғзн саны туралы мәлiметтердi жолдайды; 13) ұйымдарда жұмыс iстейтiн шақыруға дейiнгi және шақыру жасындағы барлық жасөспiрiмдердiң мерзiмдi әскери қызмет даярлығынан өтуiне (шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушылардың мектептерге, оқу орындарына, қорғаныстық оқу ұйымдары мен емдеу органдарына баруын) жүйелi бақылауды жүзеге асырады және толық баруын және осы даярлықтың сапалы өткiзiлуiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды; 14) қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлiмдер) мен жоғары тұрған ұйымдар ұйымдардағы әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды есепке тұрғызу және броньдау жағдайын тексеру журналын 8-қосымшаға сәйкес жүргiзедi. 22. Запаста болудың шектi жасына жеткен азаматтардың немесе әскери есептен шығарумен денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың жеке карточкаларында "жасы бойынша әскери есептен шығарылды" немесе "денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарылды" деген белгi жасалады. 23. Қорғаныс iстерi жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ұйымдардағы әскери есептiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 08.12.03 ж. № 1242 қаулысымен 24-тармақ алып тасталды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |