|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 және
Осы редакция 2009 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесінде: мәтiнде: "(даму институттарының)", "(даму институтының)", "(даму институттары)", "(даму институттарына), "қаржы-шаруашылық қызмет жоспары", "қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы "және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, мемлекеттiң қатысуы даму институттары (бұдан әрi - даму институттары) жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын" деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақтың 8) тармақшасының бiрiншi абзацы "Қазақстан Республикасының Үкіметіне" деген сөздерден кейiн "бекіту үшiн" деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақтағы "Даму жоспарларын (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын)" деген сөздер "өздерiнің Даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 45, 568-құжат): 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесінде: тақырыбындағы ""Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ "(бұдан әрi - Ереже)" деген сөздерден кейiн "даму институттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |