|
|
|
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 091 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрі - субсидиялар): 1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тыңайтқыш түрлері бойынша ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндіруші зауыттар (бұдан әрі - зауыт) сатқан тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатуға; 2) осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген тыңайтқыштар түрлері бойынша тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткізушіден (бұдан әрі - өнім беруші) сатып алған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) шығындарын ішінара өтеуге; 3) 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген тыңайтқыштардың түрлері бойынша тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнім берушіден сатып алған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады.
2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі
3. Зауыт; өнім беруші - Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тыңайтқыш түрлерін сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті тыңайтқыш сатушылар болып табылады. Зауыттардың тізбесін Министрліктің сұратуы бойынша тиісті уәкілетті орган береді. Зауыттар бір мезгілде өнім берушілер бола алады. 4. Тыңайтқыштардың құнына қосымша құн салығы, буу, таңбалау құны, республиканың тиісті өңіріндегі жеткізу (жіберу) пунктіне дейінгі көлік шығыстары енеді. 5. Облыстар мен Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемі облыстардың және Астана қаласының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған Министрлік ұсынған сомалар негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі. 6. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударуды төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыс (Астана қаласы) әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді. 7. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін облыстар мен Астана қаласы бойынша бекітілген көлемдер шегінде, жоспарланған егістік алқапқа тыңайтқыштар енгізудің (қолданудың) ғылыми-негізделген нормаларына сәйкес бекітеді. 8. Арзандатылған тыңайтқыштар алуға және шығындарды өтеуге тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда аудан әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан (Астана қаласы) әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. 9. ВАК-тың жұмыс органы АШТӨ-ден құжаттар қабылдаудың мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. зауыттан сатып алған жағдайда субсидиялар 1-қосымшаға сәйкес сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес зауытқа төленеді; өнім берушіден сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді; алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнім берушіден сатып алған жағдайда субсидиялар осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді.
3. Субсидия алу үшін құжаттар жинау және ресімдеу тәртібі
11. АШТӨ жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмыс органына Министрлік бекіткен нысан бойынша субсидия алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі — АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтінімді және мынадай құжаттарды: заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін; клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесін; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін; нөмірі көрсетілген ағымдағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын (тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін); тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көліктік жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін) ұсынады. АШТӨ ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 12. ВАК-тың жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттардың қабылдану күні толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі. 13. ВАК-тың жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК бес жұмыс күні ішінде қарайды және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштар көлемі бөлінген бюджет қаражаты мен әр АШТӨ-нің егістік алқаптарының мөлшерін ескере отырып, АШТӨ-нің өтінімдеріне тепе-тең белгіленеді. АШТӨ өтінім берілген тыңайтқыштар көлемін сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда ВАК осы тыңайтқыштар көлемін АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасында қайта бөледі. 14. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен нысан бойынша АШТӨ-нің түпкілікті тізімін жасайды және оны аудан әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді. Осы АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартылған жағдайда АШТӨ-ге түпкілікті тізім жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша хабарлама береді. 15. Аудан (Астана қаласы) әкімі екі жұмыс күні ішінде АШТӨ тізімін бекітеді. 16. ВАК-тың жұмыс органы тізімді аудан (Астана қаласы) әкімі бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны облыстың (Астана қаласының) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне (облыс (Астана қаласы) әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына) ұсынады. 17. Облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарлама әкімшісі) арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған; ағымдағы жылы өнім берушіден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған; алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнім берушіден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған АШТӨ-нің жиынтық тізілімін жасайды. АШТӨ тізілімдерінің нысандарын Министрлік бекітеді. 18. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алу үшін: 1) бюджеттік бағдарлама әкімшісі зауытқа облыс бойынша арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нің жиынтық тізілімін ұсынады; 2) зауыт ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы басқармасына: АШТӨ бөлінісінде тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімді; сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүккұжаттарының және шот-фактураларының көшірмелерін; зауыт пен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол Министрлік бекіткен нысан бойынша үш данада жасалады: біріншісі - зауыт үшін, екіншісі - АШТӨ үшін, үшіншісі - ауыл шаруашылығы басқармасы үшін. Тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімнің, ұсынылып отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының нысандарын Министрлік бекітеді; 3) бюджеттік бағдарлама әкімшісі: зауыт құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні бекітеді және зауытқа тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды; тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатқаны үшін зауытқа субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды. 19. Ағымдағы жылы өнім берушіден; алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнім берушіден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі АШТӨ-нің жиынтық тізілімдері негізінде АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды. 20. Тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актінің және субсидиялар төлеуге арналған ведомостың нысандарын Министрлік бекітеді.
4. Субсидиялар төлеу және есеп беру тәртібі
21. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді. 22. Бюджет қаражатының уақтылы игерілуін бақылау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі Министрлікке бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тиісті жылғы 30 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізілгенін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді. 23. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстар әкімдері осы Ережеге сәйкес оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөле алады. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар және Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 24. Ай сайын 5-күніне, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей бюджеттік бағдарлама әкімшісі Министрлікке өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидиялар төлеу үшін ведомостың көшірмесін, төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті береді. Тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгені туралы қорытынды есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісі келесі қаржы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей береді.
5. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты пайдаланғаны үшін жауапкершілік
25. ВАК бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 26. АШТӨ бюджеттік қаражатты мақсатты пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 27. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың, субсидиялар аударуға арналған төлем шоттарының дұрыстығы мен толық толтырылғаны үшін, сондай-ақ субсидиялар төлеу негізділігі, зауытқа және АШТӨ-ге тиесілі сомаларды дұрыс есептегені үшін жауапты болады. 28. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланған кезде нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады. 29. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері нысаналы трансферттерді жасалған нәтижелер туралы келісімге сәйкес емес нысаналы трансферттер бойынша пайдаланғаны, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің ендірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша
Зауыттар сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтері
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымша
АШТӨ өнім берушіден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |