|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды: 3-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталсын. 2. «Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын: 2-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) бақылаушы – сыртқы сапа бақылауын жүргізу үшін аудиторлар арасынан кәсіби ұйымның жұмыс органы және (немесе) кәсіби ұйымның сапасын бақылау комитеті және (немесе) атқарушы басқару органы тағайындайтын, міндетті аудит жүргізу саласында кәсіби тәжірибесі бар тұлға;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |