|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына 4 қосымша
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» (2024.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.26.12. № 342 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүгінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |