|
|
|
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) Осы редакция 2004 ж. 10 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн. 3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы ережедегi: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: "20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.". 4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілеттi орган және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады: 1) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк); 2) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер); 3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар); 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттік қорға өтeyciз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар); 5) белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын. 3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады: 1) белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiз мүлiк); 2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк); 3) олжаларды; 4) қараусыз жануарларды; 5) белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен; 6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен , мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi. 2. Мүлiктi есепке алу және сақтау 5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады: 1) тиiстi сот актілерi; 2) мемлекеттің мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк; 3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы; 4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар. Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады. 6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады. 7. Тiзiмдеу актілерін есепке алу үшiн тiзiмдеу актілерінiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актілерінiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекітілуге тиiс. 8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бір Тiзiмдеме актiсi бойынша бірнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бір нөмiрмен жеке ашылады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 9. Уәкiлеттi орган және сот атқарушысы заңды күшiне енген мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімі мен атқарушы парақты алған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тәркiленген мүлiктi Тiзiмдеу актiсiн жасай отырып, қабылдау-беру жүргiзуге тиiс. Егер көрсетілген мерзiмдерде мүлiктi қабылдау-беру жүргiзілмеген жағдайда, уәкiлеттi орган он күн iшiнде атқарушы құжаттың орындалмағаны немесе уақтылы орындалмағаны бойынша сот атқарушысының iс-әрекетiне сот атқарушысы қызмет көрсететiн аудандық сотқа шағым бере алады. 10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi. 11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады. 13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi. 14. Республика меншiгiне айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi. Коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 15. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi: 1) сауда ұйымдары арқылы сатылады: жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары; бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын, антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда); 2) өзге де Мүлiк аукциондарда сауда-саттықтың ағылшындық немесе голландтық әдiсiмен сатылады. Сатуға бірiншi рет қойылатын мүлiк сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiмен сатылады, аукцион болмаған деп танылған жағдайда екiншi және кейiнгi сауда-саттықтар голландтық әдiспен жүргiзiлуi мүмкiн. Сауда-саттықты ағылшындық және голландтық әдiстермен жүргiзген кезде бастапқы баға мүлiктi бағалау құнынан төмен болмайды. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгі бағаны құрамы мен функциясын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі анықтайтын комиссия белгілейдi. Егер Мүлiктi сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi. 16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттік органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Орталыққа жiберiледi және тапсырылады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 18. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар арнайы байланыстың жергiлiктi бөлiмдерi арқылы немесе өз күштерiмен жөнелтiлiмдерде Орталыққа жiберiледi және ағаш жәшiкте немесе iшкi тiгiсi материалмен қапталатын, сүргiштi мөр басылатын картон қорапта (құндылық сипатына қарай) пломбылануы немесе қатталуы тиiс. Бағалы металдардан жасалған монеталарды тiгілуi, пломбылануы немесе мөр басылуы тиiс екi қапта (бірiнiң iшiне бірi салынған) қаттауға рұқсат етіледi. Жөнелтілiмдерде (немесе қапқа таңбада) бағасы, алушының және жiберушiнiң мекен-жайы көрсетiледi. Бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды почтамен және қағаз пакеттерге салып жiберуге рұқсат етiлмейдi. Орталыққа бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды салып жiберу Тiзiмдеме актici негiзiнде жүргiзiледi. Керi салып жiберу кезiнде бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, үлгiсiн, түрiн (атауын) және тиiстi уәкілеттi органның басшысы қол қоятын оның әрқайсысын толық сипаттаумен әрбір заттың айырмашылық белгiлерiн көрсете отырып тiзiмдеме жасалады. Тiзiмдеме үш данада жасалады, олардың: бір данасы уәкiлеттi органда қалады, біреуi - жөнелтiлiмге құндылықтармен бірге салынады және бipeyi жөнелтiлiммен бір уақытта iлеспе хатпен Орталыққа жiберiледi. Iлеспе хатта мыналар көрсетiледi: Мүлiк құндылықтың қай түрiне жатады (тәркiленген, мұрагерлiк, иесiз немесе қазына), мемлекет меншiгiне қандай негiзде өттi, құндылықтарды тәркiлеуге құжаттардың көшiрмелерi қоса берiле отырып (алып қою актiсi, сот шешiмi, сот сараптамасының актiсi және т.с.с.) ол кiмге тиесiлi (егер бұл белгілi болса). Құндылықтарды алуды растауға Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiне құндылықты жiберген жiберушiге алдын-ала қабылдау актiсiн және қабылдау мен сұрыптау актiсiн жiбередi. Құндылықтарды қабылдау уақытында құндылықтарды жiберген уәкiлеттi органның ілеспе құжаттарының деректерiмен алшақтық табылған кезде, оған тиiстi шаралар қабылдау үшiн анықталған алшақтықтарды көрсете отырып наразылық жiберiледi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 18-1 тармақпен толықтырылды 18-1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау мен сату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейді ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 19. Ақша түрiндегі мүлiк мемлекеттік бюджет кiрiсiне есептеледi. Шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы операция жасау күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша мемлекеттік бюджет кiрiсiне есептеледi. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, сату, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақшаны мемлекет бюджетіне есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. Ақша түріндегі мүлiктi Ұлттық Банкке және олардың филиалдарына берудi уәкiлетті органға мүлiктiң сомасын, беру уақыты мен алушыны көрсете отырып, беру туралы хабарламаны жiберiп осындай мүлiктi алған орган жүргiзедi. 20. Мемлекет меншiгiне келiп түскен салымдар (депозиттер) сомасы бірiншi талап бойынша олардың қайтарылуы қажеттiгiне қарамастан немесе уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның жазбаша талабы бойынша депозиторларға алдын-ала келісілген үстемеақымен не ондайсыз қандай-да бір мерзiм арқылы банктер атаулы құнда толық көлемде мемлекеттік бюджет кiрiсiне аударады. 21. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу үлесi мемлекеттік мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттік органға беруге жатады. 22. Лотерея билеттерi бойынша ұтыс түріндегі Мүлiктi лотерея ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға мемлекеттік бюджет кiрiсiне есептейдi. Лотерея билеттерiн беру лотерея атауы, шыққан күнi, ұтыс ойынын жүргiзген органның атауы, билеттердiң сериялары, нөмiрлерi және ұтыс сомасы көрсетiлетiн тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi. 23. Уәкілеттi органға тапсырылған сыйлықтар арнайы мемлекеттік қорды құрайды. Арнайы мемлекеттік қордан сату Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып белгіленген тәртiппен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 23-1 тармақпен толықтырылды 23-1. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды сатқанға дейiн Орталық жүзеге асырады. 24. Сыйлықтарды тапсырған тұлға сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейiн уәкілеттi орган сыйлықты сатуды жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) Олардың сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн; шыққан елi белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз сатылатын темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу экономикалық жағынан тиiмдi емес тауарлардың азғантай партияларын заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган құрған комиссия жояды. Қажет болған жағдайларда комиссия құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiн және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандарын тартуға болады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 25-1 тармақпен толықтырылды 25-1. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады. 26. Мүлiктi сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджет кiрiсiне толық көлемде есептеледi. 27. Мүлiктi есепке алумен, бағалаумен, сақтаумен, салып жiберумен, сатуларды ұйымдастырумен және одан әрi пайдалану жөніндегі өзге де шығындармен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 28. Тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазынаны тауып алғаны үшiн сыйақыны төлеудi уәкiлеттi орган заңнамада айқындалған тәртiппен республикалық бюджет қаражатынан жүргiзедi. 29. Сот оның негiзiнде Мүлiк мемлекет меншiгiне түскен актiнi жойған (тиiстi бөлiкке өзгерістер енгiзген) жағдайда уәкілеттi орган Мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер Мүлiктi уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен сатқан жағдайда, оны сатудан алынған қаражат шегiнде оның құнының орнын толтыруды жүргiзедi. 30. Осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган алған Мүлiктi ұйымдарға немесе жекелеген адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады. 31. Уәкілеттi органның және коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженiң қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершiлiкте болады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред. қара) Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру АКТIСI 200 __ ж. "___"________________ ________________________ (жасалған күнi) (акті жасалған жерi) Мына құрамдағы комиссия: Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган) _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы) _______________________________________________________________________ (жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi) ___________________________________________________________________ өкiлi (мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы) _______________________________________________________________________ (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi) ___________________________________________________________________ өкiлi (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы) _______________________________________________________________________ (қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi) __________________________________________________________ баға берушiсi (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi және нөмiрi) _______________________________________________________________________ (мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi және нөмiрi) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы "___"___________ N ____ қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi негiзiнде _______________________________________________________________________ (мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы) иелiгiне жататын ______________________________________________________ (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) сот актілерінiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер) немесе _______________________________________________________________________ (соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) иесiз деп танылған немесе _____________________________________________ (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе _______________________________________________________________________ мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы) мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлiктiң _____________________________ _______________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы) оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары, сыйлықтар _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi) немесе ________________________________________________________________ (нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет меншiгiне өткен деп танылған, сондай-ақ _________________________________________ (ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе _______________________________________________________________________ мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы) құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзіндегі өзге де мүлiк Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
Жиыны (жазумен): _________________________________ Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________ Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi: ______________ _____________________ (қолы) (аты-жөнi)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |