"Прибор-алматроникс" ғылыми-техникалық бірлестігінің Қазақстан Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң Қазақстан Республикасында ғылымға сүйенетiн өндiрiстердi дамыту жөніндегі ұсынысы мақұлдансын. ҚР Үкіметінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп, "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң нақты жобаларын қарастырсын және оларды Экономиканы өзгерту қорының, Ғылым қорының қаржысынан, сондай-ақ валюталық кредит жүйесiн ашу есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiн iздестiретiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігімен, республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiн тиiстi ұлттық мемлекеттік және республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың тапсырмаларын жүзеге асыруға қатыстыру мүмкiндiгiн қарастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Еңбек министрлігі, Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, Алматы облысы мен қаласының әкiмдерi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы" 1993 жылғы 15 қыркүйектегi № 884 қаулысына сәйкес ғылымға сүйенетiн шағын бизнес орталықтарын құру жөніндегі ұсынысын қарап, оларды экологиялық таза аймақтарда жер учаскелерiмен, өндiрiстiк үй-жайлармен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуде жәрдем көрсететiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiне оның балансындағы зертханалық-өндiрiстiк үйлердi жеңiлдiктi шарттар негiзiнде жалға беру туралы мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын. 6. Алматы қаласының әкіміне "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi мен оның құратын ғылымға сүйенетiн шағын бизнес орталықтарын 1996 жылға дейiн олардың қалыптасу кезеңiне қаланың электрмен және жылумен жабдықталуын дамытуға үлес қосып қатысу қаржысын төлеуден босату ұсынылсын. 7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Білім министрлігі жыл сайын "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң кемiнде 5 жас қызметкерiн шет елдердiң жетекшi оқу және ғылыми орталықтарында оқуға және тәжiрибеден өтуге жiберудi көздейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi |