Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 ж. 12 қазандағы № 343 бекітілген
Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын
Осы редакция 2005 ж. 23 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(ҚР Ішкі істер министрінің 20.11.00 ж. № 614; 25.03.01 ж. № 249; 28.10.01 ж. № 762; 01.10.02 ж. № 632; 2005.26.04. № 249 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04. № 249 Бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Жалпы қолданылатын автомобиль жолдарында жүруге арналған қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 текше см. астам және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағат артық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - көлік құралдары) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі және жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық жол қозғалысына көлік құралдарының қатысуына мемлекеттік рұқсат шарасы болып табылады. Мемлекеттік тіркеу көлік құралдарының конструкциясы, техникалық ахуалы мен қондырғыларының қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауды қамтамасыз ету, көлік құралдарын сатып алу, алу, қолдану, басқаға беру, жарамсыздыққа шығару тәртібін сақтау, көлік құралдарын орталықтандырылған және өңірлік есебін қамтамасыз ету, қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресу мақсатында жүргізіледі. Осы Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады: 1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - көлік құралдарын тіркеу) осы Ережелерге сәйкес көлік құралдарын есепке алу, есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - нөмірлік белгілер) және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын ресми құжаттарын беру жөніндегі ішкі істер органдары жол полициясының қызметі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|