|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімінің «Мемлекеттік қуыршақ театры», «Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы», «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын, «Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы» мемлекеттік мекемелерін мүліктік кешендер ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |