«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 25 қарашадағы № 1165 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Стамқұлов Үбайдолла Мырзағалиұлы | - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) |
Уақпаев Марат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) |
Идрисов Ринат Рауфович | - Қазақстан гуманитарлық заң университетінің азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы (келісім бойынша) |
Ихсанов Ордағали Қажығалиұлы | - заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша) |
Ихсанов Ерлан Ордағалиұлы | - заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) |
Башымов Марат Советұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық-консультативтік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Өмірқұлов Максим Қапарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |