“Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі
Осы редакция 2006 ж. 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудi және ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 571; 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787; 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 775; 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 722; 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 528 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде: 6-тармақта: 3) тармақшасындағы "қарашадан" деген сөз "қазаннан" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақша алынып тасталсын; 35-тармақтың 5) тармақшасындағы және 36-тармақтың 7) тармақшасындағы "41" деген сан "40-1" деген санмен ауыстырылсын; Мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын: "40-1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралдары мемлекеттік техникалық байқаудан, жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде алғашқы тіркеу кезінде, сертификат немесе басқа да жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар негізінде өтеді.". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|