«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына
Осы редакция 2006 ж. 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 990 болып тіркелген, № 1349 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 571, № 2092 болып тіркелген 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787, № 2651 болып тіркелген 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 722, № 3138 болып тіркелген 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 528, № 3582 болып тіркелген 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Көлік құралдары техникалық байқауға белгіленген мерзімдерге сәйкес: 1) иелері жеке кісі тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңіл автомобильдер, меншік нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған жүк автомобильдері 3 ай сайын; 2) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнаулы көлік құралдары 6 ай сайын; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген көлік құралдарын қоспағанда, заңды тұлғалардың көлік құралдары аудандық (қалалық) жол полициясы бөлімшесінің басшысы бекіткен кестеде белгіленген мерзімде 12 ай сайын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|