|
|
|
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2296 Қаулысымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 874 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрі - мемлекеттік орган) Қазақстан Республикасында көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар; медициналық қызметтің сапасын мемлекеттік бақылау (бұдан әрі мемлекеттік бақылау) - денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық кесімдерді орындау бойынша ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру; медициналық қызметтер - нақты бір адамға қатысты алдын алу, диагностикалық, емдеу немесе сауықтыру бағыты бар медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті; медициналық қызмет сапасының сараптамасы - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы. 3. Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын медициналық қызметтің сапасын, қауіпсіздігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың мақсаты болып табылады. 4. Мыналарды қоса алғанда, медициналық қызмет көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметі мемлекеттік бақылаудың мәні болып табылады: медициналық қызметтің көлемі мен сапасын, медицина ұйымдарын қаржыландыру мөлшерінің негізділігін; денсаулық сақтау ұйымдарында тұрақты емделуге жатқан науқастарға дәрілік заттарды тағайындаудың ұтымдылығын; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, әскери-дәрігерлік, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізудің сапасын; медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін; көрсетілетін медициналық қызметті ескере отырып, медициналық жабдықтармен жасақтауды; медициналық қызмет саласында біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерін сақтауды; дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен медициналық сауықтырудың құралдары мен жаңа әдістерін қолдану сапасын; жарнамаланатын медициналық қызметтің көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі мен сапасына сәйкестігін; сапасыз медициналық қызмет көрсетудің себептерін анықтауды, оларды жою және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды. 5. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау: 1) жоспарлы тексерулер; 2) жоспардан тыс тексерулер; 3) қарсы тексерулер; 4) рейдтік тексерулер; 5) бірлескен тексерулер арқылы жүзеге асырылады. 1) мемлекеттік органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға жыл сайын бекітетін мемлекеттік органның тексерулерін жүргізудің жоспары (бұдан әрі - жоспар); 2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері; 3) мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың ақпараты мен өтініштері; 4) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары; 5) медицина ұйымдарының есептерінен алынған ақпарат тексеруді жүргізудің негізі болып табылады. 7. Қажет болған кезде мемлекеттік орган коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, денсаулық сақтау субъектілерінен тиісті ақпаратты және материалдарды сұрайды. 8. Қажет болған жағдайда мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, медициналық қызметтің сапасына сараптама тағайындайды және жүргізеді. 9. Мемлекеттік орган денсаулық сақтау субъектісін тексеруді жүргізуге қатысу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын тартады. 10. Медициналық қызметтің сапасын тексеру және сараптау «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
2. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібi
11. Денсаулық сақтау субъектілерін тексеру мемлекеттік органның шешімі бойынша (бұдан әрі - тексеруді тағайындау туралы акт) жүргізіледі. 12. Мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісінде: мемлекеттік органның атауы мен орналасқан жері; тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) тегі мен аты-жөні; тексерудің түрі; тексерудің мәні; тексеруді жүргізудің мерзімі; тексеруді тағайындау негізі; егер денсаулық сақтау субъектілерінің құжаттарын белгілі бір уақыт кезеңінде зерделеу талап етілген жағдайда тексерілетін кезеңі көрсетіледі. 13. Тексеруді тағайындау туралы aктіге мемлекеттік органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және мемлекеттік органның мөрімен куәландырылады. 14. Өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген тексеруді тағайындау туралы акт оған қатысты тексеру тағайындалған денсаулық сақтау субъектісіне беріледі. 15. Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін денсаулық сақтау субъектісіне берілген сәт тексеруді жүргізудің басталуы болып саналады. 16. Денсаулық сақтау субъектісін тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары денсаулық сақтау субъектісінің басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға тексеруді тағайындау туралы актын және қызметтік куәлікті көрсетеді. 17. Денсаулық сақтау субъектісін тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстар мен алға қойылған міндеттердің көлемін ескере отырып белгіленеді, бірақ ол 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда мемлекеттік органның осы Ереженің 14-тармағына сәйкес тіркелетін және денсаулық сақтау субъектісіне берілетін тексеру мерзімін ұзарту туралы мемлекеттік органның қосымша актісімен 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс тексеру мерзіміне ұзартуға жол беріледі. 18. Тексеруді тағайындау туралы акт және тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша акт бір ғана денсаулық сақтау субъектісіне ресімделеді. 19. Тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада денсаулық сақтау субъектісін тексеру қорытындылары туралы акт (бұдан әрі - тексеру қорытындылары туралы акт) жасалады, оның бір данасы субъектідегі түпнұсқада бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қоса берілетін құжаттардың көшірмелерімен денсаулық сақтау субъектісінің басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға беріледі, екінші данасы лауазымды тұлғаларда қалады. 20. Тексеру нәтижелері туралы актіге медициналық қызметтің сапасына жүргізілген сараптаманың қорытындысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының бұзылуына жол берген тұлғалардың түсініктемелері және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері бар болған жағдайда қоса беріледі. 21. Тексерілетін денсаулық сақтау субъектісінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда жазбаша түрде айрықша пікірін жазуы мүмкін, ол тексеру қорытындылары туралы актіге қоса беріледі. 22. Тексерілетін денсаулық сақтау субъектісінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға тексеру қорытындылары туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда лауазымды тұлға тексеру қорытындылары туралы актіге тиісті жазба енгізеді. 23. Тексеру барысында анықталған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар бойынша мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. 24. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша денсаулық сақтау субъектілері және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару жергілікті органдары анықталған бұзушылықтарды заңнамада белгіленген мерзімде жою жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты мемлекеттік органға ұсынады. 25. Тексеру нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесіне қосымша
Денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеру актісі
1. ___________________________________________________________ (тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган)
2. Субъектінің атауы _______________________________________________________________________ (орналасқан жері, медициналық қызметке арналған лицензиясының және қосымшалардың нөмірлері, субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі) 3. Тексерудің басталған және аяқталған күні ___________________________________________________ 4. Тексерілетін кезең _______________________________________________________________________ 5. Тексерудің мәні _________________________________________________________________________ 6. Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________________________________ (тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі, күні, қол қойған адамның Т.А.Ә.) ҚР БП ҚС және АЕКБ ____________________________________________________ облысы бойынша 200 __ жылғы «___» ________________ № тіркелген 7. Медициналық қызметтің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттар
8. Медициналық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуы
9. Тұжырымдар: ___________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ 10. Ұсынымдар: ___________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ Лауазымды тұлғалар _______________________________________________________________________ Т.А.Ә. қолы
Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы _________________________________________________________________________________ Т.А.Ә. қолы
Күні 200___ жылғы «___» ______
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |