|
|
|
Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шарашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 Бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығымен Бекітілген
Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Бейнесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен жалауы оның рәміздері (бұдан әрі - рәміздер) болып табылады. 3. Рәміздерді әзірлеу кезінде мынадай негізгі талаптар сақталады: эмблемада табиғат қорғау мекемесінің табиғи және/немесе тарихи-мәдени кешендері мен объектілерінің тән ерекшеліктерін көрсететін сөздік, бейнелік және/немесе көлемдік белгілер не олардың аралас үлгілері бейнеленеді, сондай-ақ оның мемлекеттік тілдегі атауы жазылады; жалау мемлекеттік табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен мемлекеттік тілдегі толық атауы орналасатын мата түрінде болады. Жалау енінің оның ұзындығына ара-қатынасы - 1:2. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |