|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы «23» ақпанадағы № 45 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және сақтау Ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және сақтау Ережесі 2006 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабын жүзеге асыру мақсатында жасалды және мұражай қорын қалыптастыру мен сақтауды белгілейді (әрі қарай - Ереже). 2. Мұражай қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады: 1) мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен; 2) жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданаған заттар есебінен; 3) сот арқылы немесе өзге де осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтарды немесе жекелеген заттардың есебінен; 4) археологиялық экспедициялардың нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылған ғылыми немесе тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың немесе көмбелердің есебінен. 3. Мұражайдың сақтауындағы барлық мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай қорын құрайды. Мұражайларда бір мезгілде бір топ мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтары келіп түсіп, оларды бірден қабылдау актімен тіркеуге алып, Түсім кітабына жазу мүмкін болмай қалған жағдайда негізгі қорға қосымша уақытша сақтау қоры құрылады. 4. Мұражай қорын сақтау мұражайдың мұражай жәдігерлерін және мұражай жинақтарын толық сақтауды қамтамасыз ететін негізгі қызметі болып табылады. 5. Мұражай қорын қалыптастырудағы негізгі есептік құжаттар мыналар: 1) бас инвентарлық кітап (түсім кітабы), осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес үлгіде; 2) мұражай жәдігерлерін және мұражай жинақтарын уақытша (тұрақты) қабылдау актілері, осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес үлгіде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |