Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды
Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында бұйырамын: 1. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдедегі № 132 (1112) «Юридическая газета», 2006 жылғы 19 шілдедегі № 132 (938) «Заң» газеттерінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгepiстер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар жеке 2.1-тармақ болып бөлінсін және мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудан өткізу жол полициясының тексеру пункттерінде мынадай кезеңде: - шыққан жылын қосқанда жасы 7 жылдан асқан көлік құралын - әpбip 12 ай сайын; шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралын - әpбip 24 ай сайын; шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылға дейінгі көлік құралын - әрбір 36 ай сайын жүргізіледі. Бұл ретте автобустар, микроавтобустар мен такси, және де адам тасуға арнап жабдықталған жүк автомобилдері меншік түріне және шыққан жылына қарамастан мемлекеттік техникалық байқаудан әрбір 6 ай сайын өткізіледі.»; үшінші абзацтағы «Жол полициясының қызметкері» деген сөздер алынып тасталсын, «жасайды» деген сөз «жасалады» деген сөзбен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы соңғы сөйлем «және «Технадзор» автоматтандырылған іздеу жүйесінде есепке алынуы тиіc» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші сөйлемдегі «куәлік» деген сөзден кейін «және талон» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші сөйлемдегі «куәліктер» деген сөзден кейін «мен талондар» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|