Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығымен бекітілген
Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.07. № 443 Бұйрығымен күші жойылды
1. Жалпы ереже
1. Осы Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесі Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 1-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы дақылдары қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының болуынан толықтай және шамалы жойылған ретте өнімнен болжанатын кірісті есептеу үшін арналған. 2. Өнімнен болжанатын кірісті есептеу сақтандырушының өтініші бойынша ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органымен құрылатын қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған егістік алқабының көлемін анықтау жөніндегі комиссиямен жүзеге асырылады.
2. Өнімнен болжанатын кірісті есептеу тәртібі
3. Өсімдік шаруашылығындағы болжанатын кірісті, сол сияқты қолайсыз табиғат құбылыстары болған кезде шығындарды бағалау табиғи климаттық аумақтың шегінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру келісімін жасау жылының жағдайын сараптау негізінде өнімнің күтілетін маусымдық бағасын пайдаланумен жүзеге асырылады. 4. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру келісімін жасау сәтіндегі өнімнің күтілетін маусымдық бағасын болжау үшін маусымдық бағалау индексі пайдаланылады. Бағалардың маусымдық индексін есептеу екі тәсілдің біреуімен есептеледі. Бірінші тәсілде кейінгі 3-5 жылдардағы ай (тоқсан) бойынша өнімнің бағалық деректері пайдаланылады. Маусымдық индексті есептеу тәртібі мынадай: 1) бағалау тренді және сол бойынша теңдестірілген баға ^yij есептелінеді, мұндағы і - жылдың нөмірі, j - айдың (тоқсанның) нөмірі; 2) маусымдық индексті dij есептеу үшін әр ай бойынша бағаның нақты деңгейі тренд бойынша есептелген сәйкес бағаға ^yij бөлінеді, мұндағы і - жылдың нөмірі, j - айдың нөмірі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|