|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 1) тармақша “қоғамдық” деген сөздің алдынан “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша “біртектес” деген сөзден кейін “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.”; он жетінші абзац “біртектес” деген сөзден кейін “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақшадағы “қылмыстық іc жүргізу сияқты біртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.” деген сөздер “қылмыстық іc жүргізу;” деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: “17) денсаулық сақтау саласы сияқты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.”; 4) 4-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 5) 5-баптың 2-тармағындағы “Күшіне енген” деген сөздер “Қолданысқа енгізілген” деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 14-баптың 5-тармағындағы “және бюджеттен тыс қаражатты” деген сөздер “қаражат пен гранттарды” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: “Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.”; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты болуға, негізделген және толық болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.”; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: “4-1. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берілмейді.”; 9-тармақтың екінші бөлігіндегі “жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіде немесе қолданысқа бұрын енгізілген бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде” деген сөздер “біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіде” деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтағы “ірі” деген сөз алып тасталсын; 9) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: “Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ ережелер болмауға тиіс.”; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “5) ғылыми сараптаманың қорытындысы және болған жағдайда, өзге де сараптамалық қорытындылар;”; 7) тармақшада: “әдетте,” деген сөз алып тасталсын; “жобаға қаржы-экономикалық есептеулер,” деген сөздер “егер жоба мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ әдетте,” деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ: “едәуір” деген сөзден кейін “(үш немесе одан да көп)” деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Бір ғана нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін актілердің тізбесіндегі барлық актілер, күші жойылды деп танылатын актілер тізбесіндегі сияқты олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.”; 4-тармақ “едәуір” деген сөзден кейін “(үш немесе одан да көп)” деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Егер нормативтік құқықтық актіде бұрын қабылданған актілердің күші жойылды деп тануды көздеген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның бөлігінің күші жойылды деп танылған жағдайда, бұрын қабылданған актілер қолданысын қайта жаңғыртпайды.”; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: “Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін жаңа редакцияда ресімдеу кезінде сөз оның мәтінінің көлемін айқындау бірлігі болып табылады. Бап пен тармақты қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігін жаңа редакцияда ресімдеу кезінде жаңа редакцияда жазылатын құрылымдық элемент оның мәтінінің көлемін айқындау бірлігі болып табылады.”; 5-тармақта: “акті мәтінінің мазмұнына” деген сөздер “актінің мәтініне” деген сөзбен ауыстырылсын; “акті мәтіні мазмұнының” деген сөздер “ акт мәтінінің” деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: “Нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде оның құрылымдық элементі көлемді айқындау бірлігі болып табылады. Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заңдардың жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.”; 13) 29-баптың 2-тармағындағы “ерекше нысанда” деген сөздер алып тасталсын; 14) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: “Жаршысы және” деген сөздер “Жаршысы,” деген сөзбен ауыстырылсын; “актілер жинағы” деген сөздерден кейін “, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары мен олардың ведомстволарының актілер жинағы” деген сөздермен толықтырылсын; 15) 33-баптың 1-тармағындағы “мерзімді баспа басылымдарында” деген сөздер “Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары мен олардың ведомстволарының актілер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми” деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 36-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: “8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.”; тақырыбында орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 1-тармақта: бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: “Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілмесе, оларды шығарған органның өзі жоюға тиіс.”; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: “Нормативтік құқықтық актінің осы тармақта белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.”; 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.”; 4-тармақ “актілерді” деген сөзден кейін “ресімдеу, келісу және” деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктегі “Әділет министрлігі” деген сөздер “әділет органдары” деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі “Әділет министрлігіне” деген сөздер “әділет органдарына” деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 29-ы. № 271-ІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |