|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 1) 41-бапқа ескертулердің 1-тармағы алып тасталсын; 2) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.»; 3) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын: «192-бап. Жалған кәсіпкерлік 1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіперлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз кредиттер алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру, — бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттерді: а) бірнеше рет; б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса; в) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса, — мүлкі тәркіленіп не онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді: а) ұйымдасқан топ; б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, — мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 4) 307-баптың ескертулері мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Осы Кодекстің 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінің в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар, оларды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайларда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, — мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; ескертуде: 2-тармақ «тәртіптік» деген сөзден кейін «немесе әкімшілік» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны аса ірі мөлшердегі пара болып танылады. 4. Осы Кодекстің осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстің 307-бабының ескертулерінде көрсетілген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.»; 6) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын: «312-бап. Пара беру 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру — жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру — бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру — мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды: а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; б) ірі мөлшерде; в) әлденеше рет жасаса, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, — мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; бірінші бөлікте: «жүзден үш жүз» деген сөздер «бес жүзден бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бір айдан үш айға» деген сөздер «бес айдан жеті айға» дейінгі сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «бес жүзден бір мың» деген сөздер «жеті жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес айдан» деген сөздер «жеті айдан» деген сөздермен ауыстырылсын; «төрт жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 314-баптың үшінші бөлігіндегі «бес жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 58-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат, № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 334-1 және 533-1-баптармен толықтырылсын: «334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру — айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.»; «533-1-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, — үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қайталап жасалған іс-әрекеттер, — төрт жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «513-537» деген цифрлар «513-535, 537» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) 637-баптың бірінші бөлігінде: «151,» деген цифрлардан кейін «334-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; «536,» деген цифрлар алып тасталсын. 4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 744-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат): 1) 3-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. 1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқарушылық міндеттерді атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адамдар танылады. 2. Ұйымдастырушылық-өкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады. 3. Әкімшілік-шаруашылық мінеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.»; 2) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші cөйлеммен толықтырылсын: «Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиіс.»; 3) 12-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында «ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес, сондай-ақ хаттамалық және өзге де ресми шаралар өткізу кезіндегі мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, жоғары тұрған ресми адамдарға» деген сөздер «жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 13-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацында «ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми шаралар өткізу кезіндегі мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталып, «адамдардың сыйлықтарын» деген сөздер «адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж. № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат): 1) 10-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиіс.»; 4-тармақта: 5) тармақша «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын: «6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;»; 2) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.»; 3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын: «7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;». 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і № 308-ІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |