Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы
Осы редакция 2009 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғы капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде. 2. Меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде. 3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: 1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде; Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде; 2) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап: банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде; 3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап: банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|