«Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 25-ө бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген № 4740, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118 (1321) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесінде (бұдан әрі - Ереже): атауында және 1-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөздер алынып тасталсын; барлық мәтін бойынша «Аумақтық басқармалар», «Аумақтық басқармаларға», «Аумақтық басқарманың», «Аумақтық басқарма», «Аумақтық басқармалармен» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелер», «Аумақтық бөлімшелерге», «Аумақтық бөлімшенің», «Аумақтық бөлімше», «Аумақтық бөлімшелермен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «орталық атқарушы» деген сөздер «уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын, «лауазымды тұлғалар» деген сөздер алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|